|
Түркістан
қаласында полиция қызметкерлерімен жас әйел құрбаны болған қандықол қылмыс
ашылды.
26
қаңтарда күндізгі сағат 12.40 шамасында Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне ер
адам қоңырау шалып, 1978 жылы туылған
әпкесінің өз үйінің кіре беріс дәлізінде зорлық-зомбылық белгісі бар
жансыз денесінің табылғандығы туралы
хабарлаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, мәйітті сырттай қарау
нәтижесінде жәбірленушінің көкірек тұсынан отты атыс қаруынан алған жарақаты
салдарынан қайтыс болғандығы анықталды. Нәтижесінде сарапшылар жәбірленушінің
қаңтардың 24-нен 25-не қараған түні сағат 00-30 мен 01 уақыт аралығында қайтыс
болғандығын бекіткен.
Түркістан қалалық полициясымен осы оқиға
бойынша ҚР ҚК-нің 96- бабына сәйкес /«адам өлтіру»/ қылмыстық іс қозғалып,
қылмысқа қатысы бар деген күдікті адамдарды анықтау және оларды іздестіру
бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Жасалған қылмыстың аса ауыр екендігін ескере
отырып, ҚІІБ-де қылмысты ашуға бағытталған арнайы топ құрылды. Жедел
уәкілдермен бірнеше болжамдар ұсынылып, оның ішінде, жәбірленуші мұғалім болып
жұмыс атқарған оқу орнындағы студенттердің қатысы болуы немесе пайда табу
мақсатында жасалуы мүмкін деген тұжырымдар жасалған. Бірінші болжам расталмай,
екіншісі өз нәтижесін берді. Екі апта өткеннен кейін, жедел-тергеу тобына
қылмысқа қатысы бар күдікті адамдардың ізіне түсуге мүмкіндік туды. Олар 1992,
1993, 1994 және 1995 жылдары туылған жергілікті тұрғындар болып шықты. Олардың
ішіндегі екеуі кәмелетке толмаған, колледждің және 11-сыныптың оқушылары, қаза
болған әйелге туыс болып шыққан. Қылмыстық істі тергеу барысында осы адам
өлтіру қылмысын өлтірілгеннің туыс інісінің біреуі ұйымдастырғандығы анықталды.
Осы туысқан інісі, адам өлтіру жайты бойынша полицияға хабар берген. Жасөспірім
өзінің танысына туыс әпкесін өлтіруге тапсырыс беріп, қылмысты 20 000
теңгеге бағалаған. 25 қаңтарға қараған түні олар әпкесінің үйіне барады, туыс
інісінің бірі сыртта қалып, екіншісі өзінің таныстарымен үйіне кіреді. Сосын
әйелді атып, бой тасалап қашып кетеді. Олар қайтадан 25 қаңтар күні күндіз
оқиға орнына келіп, ақша іздейді. Ал 26 қаңтарда туыс інісі қылмыс ашылмай
қалуы мүмкін деген үмітпен полицияға хабар береді.
Қазіргі
таңда күдіктілер жәбірленушінің ақшасын тонау және жылжымайтын мүлікті иелену
мақсатында осындай аса ауыр қылмысты жасағандарын мойындап отыр. Айғақ зат
ретінде 16 калибрлі аңшы шолақ мылтығы алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыс жасағандар қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 96-бабы «адам өлтіру»,
251-бабы «отты атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру» және 364-бабы «қылмыс
туралы хабарламағаны» бойынша үш баппен қылмыстық іс қозғалды.
Мәлімет үшін, жыл басынан бері Оңтүстік
Қазақастан облысы ішкі істер органдарының бөліністерінде 15 адам өлтіру қылмысы
тіркеліп, оның 14-і полиция қызметкерлерімен ашылған.
|