|
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы (бұдан әрі – Басқарма не ОҚО ІІД ЕБҚКБ) өз құзыретi шегінде есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің аумақтық бөлінісі болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президенттің және Үкіметтің актілеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ережелеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті туралы ережелерге, өзге де нормативтік құқықтық, оның ішінде халықаралық актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) өңірлік деңгейлерде нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу;
4) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) өңірлердегі есірткі жағдайының жай-күйін және даму үрдісіне талдау жасау;
6) Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында есірткіге байланысты қылмыстар туралы хабарлама жасауға арналған ОҚО ІІД-нің нөмірі: 30-02-02 «сенім телефоны» орнатылған.
Байланыс телефондары: 97-66-47, 97-65-55. |