|
Штаб басқармасының негізгі тапсырмалары
1. Криминогендік жағдайдың күрделілігіне болжам жасау мен баға беруді, ішкі істер органдарының жұмыс нәтижелеріне, облыстағы жедел жағдайға кешенді сараптауда жүзеге асыру. ІІД дербес бөлімдері мен салалық қызметтеріндегі келелі мәселелерді талдау, осының негізінде олардың жұмыстарының пәрменділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар дайындау.
2. Облыстағы ІІО-ның жедел-қызметтік жұмыстарын қорытындылау, жедел кеңестің шешімдерін жасау.
3. ІІД-нің кезекті және алдағы жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастыру.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен Парламентінің, облыс Әкімшілігінің кесімдерін, ІІМ мен ІІД Алқа және жедел кеңестерінің шешімдерін, бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқауларын, жоспарлары мен бағдармаларын ІІД-нің дербес бөлімдері және басқармаларының орындауына бақылау жүргізу.
5. Қылмысқа қарсы күресте қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті күзетуде кешенді тапсырмаларды қамтамасыз ету бойынша ІІД-нің бөлімдерімен қызметтерінің жұмыстарына салалық және аймақтық бақылауды жүзеге асыру.
6. Облыс аймақтарындағы жедел жағдайдың өзгеруіне әрекет жасау шараларын, салалық қызметтермен бірлесе отырып, ойластыру олардың орындалуына бақылау жасау.
7. ІІД-нің аймақтық бөлімдері мен салалық қызметтерінің жедел-қызметіне сонымен бірге ұйымдастырушылық жұмысына, тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу.
8. Облыстағы ІІО-ның нақты іс-жүзіндегі жұмыстың алғы үлгілерін енгізіу жинақтау, талдау, іздену және ІІД-нің анықтамалық-ақпарат қорын жинақтау.
9. Штаб құрылымдары жұмыстарының ұйымдастырылуына бақылау және жетекшілік ету оларға іс-жүзіндегі жұмыстарына әдістемелік көмек көрсету.
10. Азаматтық қорғаныс бойынша моблизациялық жұмыстармен шараларды ұйымдастыру.
11. Облыстағы АҚІІ(Б)Б мен ІІД-нің дербес бөлімдері және салалық басқармаларымен есептік тіркеу тәртібінің сақталуына бақылау жасау.
Ескертпе: егерде жергілікті ІІО-ның қызметкерлері арызды немесе орын алған қылмыстар туралы ақпараттарды тіркемеген жағдайда ОҚО ІІД Штаб басқармасы есептеу тіркеу тәртібін қадағалау инспекциясына хабарлауынызды сұранамыз, байланыс телефондары: тел. 21-21-93; 97-67-37; 97-62-72
Байланыс телефондары:
Штаб басқармасының бастығы – тел. 21-44-09
Штаб басқармасы бастығының орынбасары – тел. 30-06-09
ІІД Штаб басқармасы есептеу тіркеу
тәртібін қадағалау инспекциясы – тел. 21-21-93; 97-67-37; 97-62-72
|