|
ОҚО ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының міндеттері
1. аймақтағы қоғамдық-саяси,этникалық жағдай туралы ақпараттарды жинауды, топтастыруды және талдаудыұйымдастыру, мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлау, құқық бұзушылықіс-қимылдардың алдын-алу және болдырмау туралы ұсыныстарды дайындау;
2. ОҚО ІІД-нің құрылымдықбөлімшелерімен, өзге де құқыққорғау органдарымен, мемлекеттік және басқа дақұрылымдармен, ұйымдармен, олардың меншік түріне қарамастан, және азаматтарменқұқық бұзушылықтың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері бойынша өзараәрекеттестікті ұйымдастыру;
3. полицияның участкілікинспекторларының құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу бойынша, ІІБ-ніңпрофилактикалық есебінде тұрған тұлғалармен жұмыс бойынша іс-әрекеттерінұйымдастырулық түрде қамтамасыз ету;
4. ІІБ-нің арнайыемдеу-профилактикалық мекемелермен және белгілі тұрғын орны жоқ тұлғаларғаарналған бейімделу орталықтарымен өзара әрекеттесуін ұйымдастырушылық-әдістемеліктұрғыдан қамтамасыз ету;
5. кәмелеткетолмаған, бақылаусыз балалар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алужұмыстарын ұйымдастыру;
6. кәмелетке толмағандардыуақытша оқшаулау, бейімдеу және қайта қалпына келтіру орталықтарының жұмыстарынұйымдастыру
7. әйел құқықтарына қол сұққан адамның жауапкершіліктен құтылмайтындығы қағидасын қамтамасыз ету, әйелдерді жанұялық берекеге дегенкепілдікпен, жеке өміріне қол сұқпау, жеке және жанұялық құпия, өз намысы менабыройын қорғау құқығымен қамтамасыз ету;
8. азаматтардың құқығы мен бостандығын көшеде және қоғамдық орындарда құқық бұзуышылық әректтерден қорғаубойынша патрульдік полиция іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
9. көпшілік қоғамдық-саясижәне мәдени-көңіл көтерушілік іс-шараларды өткізу барысында, сонымен қатар,Елбасының және өзге де жоғарғы дәрежелі тұлғалардың облыс территориясынажасаған сапарлары барысында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудыұйымдастырушылық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
10. азаматтықжәне қызметтік қаруды және оның жарақтарын дайындау, жасау, жөндеу, сату, сатыпалу, коллекциялау, экспонатқа қою, сақтау, есепке алу, тасымалдау және алыпкіру (алып шығу) ережелерін; классификациясы Қазақстан Республикасыныңзаңдарында бекітілген жарылғыш материалдардың, азаматтық пиротехникалық заттармен олар құрамында бар өнімдердің сатып алыну, тасымалдану, сақталу, есепкеалыну, алып кіру (алып шығу) ережелерін, сонымен қатар, олардың тұрақты сақталуорындарын, ату тирлары мен ату орындарының, ату-аңшылық стендтардың,штампельдік-граверлік шеберханалардың, түрлі-түсті бейнелерді көбейтіп көшірметүсіретін техникалармен қамтылған көбейту орындарының ашылуы және жұмыс істеуін,улы, наркотикалық, психотропты заттар мен прекурсорларды, радиоактивтіматериалдарды сақтауды, және заңды тұлға персоналдарының лицензиялыіс-әрекеттің біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырушылықтұрғыдан қамтамасыз ету.
|