қазақша | русский | english ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

Бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 5 жол апаты тіркелді, 2 адам қайтыс болған, 9 адам ауруханаға жеткізілді, Шымкент қаласында 2 жол-көлік апаты тіркелді, 4 адам жарақат алған.


НЕГІЗГІ

ҚҰРЫЛЫМ

ТАРИХ

БАЙЛАНЫСТАР
  НАВИГАЦИЯ
  Негізгі бет
  Департамент тарихы
  Мемлекеттік рәміздер
  Мемлекеттік тіл - қызмет тілі
  ҰОС ардагерлері
 
 
 
  Жақын маңдағы ііб-рі
  Список граждан не получивших ИИН
  Менің учаскелік үәкілдерім
  Жаңалықтар легі
  Қылмыстық хроника
  Президент жолдауы
  Анкеталау
  Баспасөз релиз
  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
  Мемелекеттік қызмет көрсетулер тізбесі
  Мемлекеттік сатып алулар
  Полиция туралы пресса беттерінде
  Сұрақтар-жауаптар
  Web қорлардың анықтамасы
  Байланыстар
 

ОҚО ІІД-нің бастығының блогі


Аскар Чуашевич Оспанов – полковник полиции, начальник ДВД Южно-Казахстанской области. 1959 г.р., уроженец Алматинской области. Имеет два высших образования. В органах внутренних дел с 1988 года. Награжден за особые заслуги перед Отечеством орденом «Айбын» II степени.
Жаңалықтар топтамасы
ай жыл
Ақпан 2012
СсСрБсЖмСнЖсДс
       1  2  3  4  5 
 6  7  8  9  10  11  12 
 13  14  15  16  17  18  19 
 20  21  22  23  24  25  26 
 27  28  29             




 НЕГІЗГІ БЕТ

Департамент тарихы
     Октябрь революциясының жеңісінен кейін 1917 жылдың10 қарашасында ішкі істер комиссариатының қаулысы бойынша «Жұмысшы-шаруалармилициясы»  құрылды. Бұл тарихи кезеңдеосы аймақ Сырдария облысына қарасты Черняевск уезі, орталығы Ташкент қаласыболған. 1917 жылдың қазан айының 28 жұлдызында НКВД қаулысы бойынша милицияныңережесі мен анты бекітіліп, 1918 жылы Халық комиссариаты кеңесінің шешімібойынша «біркелкі милиция киімі» белгіленді. Осы жылдары милиция 6 бөлімненқұралды. 1-жалпылама негізгісі, 2-нұсқаушы, 3-құрал саймандармен жабдықтау,4-информация-хабарлама, 5-қылмысты іс қозғау басқармасы, 6- мәдени ағартужұмысы.
     1922 жылы әкімшілік ұйымдастыру бөлімі енгізілді.Осы жылдары Черняевск уезінің милициясын Лаумилин Мұратбек Ізбасаровичбасқарған. Черняевск уезінде  1930 жылыөртпен күрес ісі құрылды. Оған екі автокөлік, елу штаттық бірлік , он атбөлінген. 
     1928-1938 жылдардағы милиция бастықтары  Гүлметов Ташібай, Милнер Абрамов болған. 1930жылы Мемлекеттердің саяси басқармасының бірігуіне байланысты, Бас инспекциябөлімі құрылған. Осы жылдары барлық іс-шаралар жоспар түрінде жүргізіліп, ісалға басқан.   
     1939-1945 жылдары милиция бастығы майор Федотовжәне 1945-1952 жылдары милиция полковнигі В.Я. Мирошников басқарған. Ұлы Отансоғысы кезінде соғыстан қашып жүрген қашқындар мен сатқындарды ұстап,бандылармен күрескен.
     1952-1956 жылдары милиция полковнигі С. Ситдиков,1956-1963 жылдары милиция генерал-майоры Т.Ө. Өтегенов басқарған милиция бұлжылдары соғыстан кейінгі экономиканы қайта қалпына келтіру кезеңіне біздіңмилиционер қызметкерлерінің қосқан үлесі зор болған. Мысалыға айтсақ, морадер,бұзақы, ұрылармен күресіп, жетім балалармен жұмыс атқарған. 1952 жылдары ведомостан тыс күзет бөліміашылады. Бұлардың міндетіне мемлекет банкісін, өндіріс-зауыттар, шаруашылықөндірістерді т.б. қорғау жатқан.
ары қарай оқу >>


Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер
департаментінің маңызды ақпараттар тізбесі

 

Қылмыстық хроника

21.02.2012
        Әл-Фараби аудандық полицейлері тонаумен айналысқан азаматты қолға түсірді. 2012 жылғы 11 ақпанда полиция кезекші бөліміне Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны арызданып, Оның пәтеріне белгісіз тұлға кіріп, жас қызды қорқыту арқылы екі қос алтын сырғасы мен құны 85 мың теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонын тартып алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 250 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары Сайрам ауданының 1991 ж.т. азаматын қолға түсірді. Күдікті дереу қамауға алынып, оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. ҚР ҚК-нің 178-бабы «тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
21.02.2012
        ОҚО полицейлерімен соңы кісі өліміне алып келген, суық қару қолдану арқылы жасалған бірнеше қылмыс ашылды. Үстіміздегі жылдың 17 ақпанында кешкі сағат 21.00 шамасында Отырар ауданы ІІБ-нің кезекші бөліміне демалыс үйлерінің бірінде кісі өлтіру фактісінің орын алғандығы жайында хабар келіп түскен. Бұл ақпарды тәртіп сақшыларына 60 жастағы жергілікті тұрғын жеткізген. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен жедел-тергеу тобы анықтағандай, аталған демалыс орнында орман күзетшісі болып жұмыс істейтін 1979 ж.т. Шымкент қаласының тұрғыны орын алған жан-жал барысында тіркелмеген аңшы қаруынан 1974 ж.т. осы қонақ үйдің тұрғынын көкірек тұсынан атып, жәбірленуші соның салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Айғақты зат ретінде полицейлер 16 калибрлі аңшы мылтығын тәркіледі. Ал, 2012 жылғы 18 ақпанда сағат түнгі үштер шамасында Абай аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне Шымкенттегі аялдамалардың бірінде атыс қаруынан жараланған жас баланың табылғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға болған жерге келіп жеткен жедел - тергеу тобы белгісіз тұлғалардың анықталмаған атыс қаруынан кәмелетке толмаған жасөспірімді атып кеткендігін анықтады. 1994ж.т. Сайрам ауданының тұрғынын күдіктілер көкірек тұсынан жаралаған. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші ауруханаға жетпей, көз жұмған. Оқиға орын алған жерден 16 калибрлі аңшы мылтығының гильзасы табылған. Жедел - іздестіру іс-шараларының барысында Абай аудандық ПБ мен ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының мамандары 1989 және 1993 жылы туылған күдіктілерді қолға түсірді. Ұсталғандардың екеуі де облыс орталығының тұрғындары. Күдіктілердің айтуынша, спирттік ішімдік ішу барысында жәбірленуші мен ұсталғандардың арасында жанжал туындаған, артынша күдіктілердің бірі қару қолданған. Қазір ұсталғандардың екеуі де қамауда. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 96-бабы «кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

 

Жаңалықтар легі

15.02.2012
    .

толығырақ....
13.02.2012
    Аптаның демалыс күндері шымкенттік полицейлер 15 мыңнан аса авторлық құқығы сақталмаған дисктерді тәркіледі.

толығырақ....
10.02.2012
    10 күнде Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Ішкі Істер органдырына 266 дана атыс қаруды өз еріктерімен тапсырды.

толығырақ....
09.02.2012
        Шымкентте полиция қызметкерлерімен «сымтетік террорист» ұстады.

толығырақ....
09.02.2012
        Түркістан қаласында полиция қызметкерлерімен жас әйел құрбаны болған қандықол қылмыс ашылды.

толығырақ....

 

Баспасөз релиз

07.02.2012 - Шымкенттік полицейлер екі кісінің өліміне алып келген ауыр қылмыстың бетін ашты.
26.01.2012 - Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісін қамауға алды.
17.01.2012 - Оңтүстік Қазақстан ауданаралық арнайы соты алқабилердің қатысуымен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің бұрынғы жедел уәкіліне және оның сыбайласына үкім шығарды.




Дизайн ТОО "Kitesco" 2009
Разработка ТОО "LiO Programs" 2005-2010
  ОҚО ішкі істер департаментінің - www.dvd-uko.kz, 2005-2010
  бастығының қабылдау бөлімі: 8 /7252/ 212-033
  сенім телефондары: 8 /7252/ 212-193, 8 /7252/ 214-323
Единый каталог фирм Казахстана