қазақша | русский | english ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, ауруханаға 6 адам жеткізілді, Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.


НЕГІЗГІ

ҚҰРЫЛЫМ

ТАРИХ

БАЙЛАНЫСТАР
  НАВИГАЦИЯ
  Негізгі бет
  Департамент тарихы
  Мемлекеттік рәміздер
  Мемлекеттік тіл - қызмет тілі
  ҰОС ардагерлері
 
 
 
  Жақын маңдағы ііб-рі
  Список граждан не получивших ИИН
  Менің учаскелік үәкілдерім
  Жаңалықтар легі
  Қылмыстық хроника
  Президент жолдауы
  Анкеталау
  Баспасөз релиз
  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
  Мемлекеттік қызмет көрсетулер тізбесі
  Мемлекеттік сатып алулар
  Полиция туралы пресса беттерінде
  Сұрақтар-жауаптар
  Web қорлардың анықтамасы
  Байланыстар
 

ОҚО ІІД-нің бастығының блогі


Оспанов Асқар Шуашұлы – полиция полковнигі, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы. 1959 ж.т., Алматы облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар. Ішкі істер органдарында 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Отан алдындағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Жаңалықтар топтамасы
ай жыл
Мамыр 2012
СсСрБсЖмСнЖсДс
    1  2  3  4  5  6 
 7  8  9  10  11  12  13 
 14  15  16  17  18  19  20 
 21  22  23  24  25  26  27 
 28  29  30  31          




 ДЕПАРТАМЕНТ ТАРИХЫ 


Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің
құрылу сатысынан қысқаша дерек.

     Октябрь революциясының жеңісінен кейін 1917 жылғы 10 қарашада ішкі істер комиссариатының қаулысы бойынша «Жұмысшы-шаруалар милициясы»  құрылды. Бұл тарихи кезеңде, осы аймақ Сырдария облысына қарасты Черняевск уезі, орталығы Ташкент қаласы болған. 1917 жылдың қазан айының 28 жұлдызында НКВД қаулысы бойынша милицияның ережесі мен анты бекітіліп, 1918 жылы Халық комиссариаты кеңесінің шешімі бойынша «біркелкі милиция киімі» белгіленді. Осы жылдары милиция 6 бөлімнен құралды. 1-жалпылама негізгісі, 2-нұсқаушы, 3-құрал саймандармен жабдықтау, 4-информация-хабарлама, 5-қылмысты іс қозғау басқармасы, 6-мәдени ағарту жұмысы.
     1922 жылы әкімшілік ұйымдастыру бөлімі енгізілді. Осы жылдары Черняевск уезінің милициясын Лаумилин Мұратбек Ізбасарович басқарған. Черняевск уезінде  1930 жылы өртпен күрес ісі құрылды. Оған екі автокөлік, елу штаттық бірлік, он ат бөлінген. 
     1928-1938 жылдардағы милиция бастықтары  Гүлметов Ташібай, Милнер Абрамов болған. 1930 жылы Мемлекеттердің саяси басқармасының бірігуіне байланысты, Бас инспекция бөлімі құрылған. Осы жылдары барлық іс-шаралар жоспар түрінде жүргізіліп, іс алға басқан.   
     1939-1945 жылдары милиция бастығы лауазымын майор Федотов, 1945-1952 жылдары милиция полковнигі В.Я. Мирошников басқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде соғыстан қашып жүрген қашқындар мен сатқындарды ұстап, бандылармен күрескен.
     1952-1956 жылдары милиция полковнигі С. Ситдиков,
1956-1963 жылдары милиция генерал-майоры Т.Ө. Өтегенов басқарған милиция қызметі, соғыстан кейінгі экономиканы қайта қалпына келтіру кезеңіне қосқан үлесі зор болған. Мысалыға айтсақ, морадер,бұзақы, ұрылармен күресіп жетім балалармен жұмыс атқарған. 1952 жылдары ведомостан тыс күзет бөлімі ашылады. Бұлардың міндетіне мемлекет банкісін, өндіріс-зауыттар, шаруашылық өндірістерді т.б. қорғау жатқан.
     1963-1968 жылдар арасында ІІБ бастығы қызметін
милиция генерал майоры С.Ж. Жүсіпов басқарған. Бұл жылдары жаңалық болып енген кезекші бөлім, арнайы бөлім, жылжымалы милициялық топ, медицина қызметі, жол қауіпсіздігі, БХСС, тергеу болып ІІБ-на кіреді. 1970 жылы Қаз ССР Жоғарғы Кеңестің жарлығы бойынша жалпы тәртіптік қорғау министрлігі, Қаз ССР ІІМ болып ауысқан. 1970 жылдары Қаз ССР ІІМ жарлығымен түнгі милиция енгізілген. 1971жылы қыркүйек айында Қаз ССР ІІМ бұйрығымен инспектор басқармасы және ІІМ Штаб басқармасы болып ауысқан.
     1968-1980 жылдары ІІБ бастығы қызметін милиция
генерал-майоры Қ.Д. Қалменов басқарған. 1972-1982 жылдары Кеңестер Одағының ІІМ бұйрығы бойынша  дивизия командирі және командирдің саяси орынбасары лауазымдары енгізіледі. Осы жылдары Штаб басқармасы қайта инспектор бөлімі болып ауысады.
     1980-1983 жылдары ІІБ бастығы қызметін милиция
полковнигі А.Н. Найманов басқарған.
     1983-1986 жылдары ІІБ бастықтары милиция генерал-майоры Ә.А. Ахмадин, 1986-1992 жылдары
милиция генерал-майоры Т.Д. Дуабеков, 1992-1997 жылдары милиция генерал-майоры Ж.А. Сұлтанов болған. 1995-жылы Қ.Р. Президентінің Жарлығымен «Мемлекеттік тергеу комитеті» құрылған. 1996 жылы ҚР «Жол қауіпсіздігі туралы» заң қабылданады.
     1997 жылдың 19 маусымында ҚР ІІМ бұйрығы бойынша
ОҚО ІІББ –на жаңа штат беріліп, осы жылы ҚР «Мемлекеттік тергеу комитеті» тарқайды.
     1998 жылдың 6 мамырында Қ.Р. Президентінің
«Экономикалық қылмыспен  күресті күшейту туралы» Жарлығы шығып, осы жылы милиция - полиция болып өзгертіледі.
1996-1999 жыл аралығында   Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер бас басқармасын әділет генерал-майоры Молдияр Оразалиев басқарды.

1999-2005 жыл аралығында ОҚО ІІББ бастығы лауазымын полиция генерал-майоры Р.Х. Өзбекғалиев атқарған.
     2005 жылы ОҚО ІІББ бастығы лауазымына полиция полковнигі Қ.Ж. Артықбаев тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер Бас басқармасы 2005 жылдың мамыр айынан ҚР ІІМ-нің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер Департаменті деп аталды.

2006-2008 жыл аралығында ОҚО ІІД бастығы милиция генерал-майоры Х. Досқалиев.

2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМнің бұйрығымен ОҚО ІІД-нің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Досымов Серімжан Төлеуұлы тағайындалды.

 ОҚО ІІД-нің Тәрбие және мамандар жұмысы басқармасы



Дизайн ТОО "Kitesco" 2009
Разработка ТОО "LiO Programs" 2005-2012
  ОҚО ішкі істер департаментінің - www.dvd-uko.kz, 2005-2010
  бастығының қабылдау бөлімі: 8 /7252/ 212-033
  сенім телефондары: 8 /7252/ 212-193, 8 /7252/ 214-323
Единый каталог фирм Казахстана