қазақша | русский | english ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, ауруханаға 6 адам жеткізілді, Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.


НЕГІЗГІ

ҚҰРЫЛЫМ

ТАРИХ

БАЙЛАНЫСТАР
  НАВИГАЦИЯ
  Негізгі бет
  Департамент тарихы
  Мемлекеттік рәміздер
  Мемлекеттік тіл - қызмет тілі
  ҰОС ардагерлері
 
 
 
  Жақын маңдағы ііб-рі
  Список граждан не получивших ИИН
  Менің учаскелік үәкілдерім
  Жаңалықтар легі
  Қылмыстық хроника
  Президент жолдауы
  Анкеталау
  Баспасөз релиз
  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
  Мемлекеттік қызмет көрсетулер тізбесі
  Мемлекеттік сатып алулар
  Полиция туралы пресса беттерінде
  Сұрақтар-жауаптар
  Web қорлардың анықтамасы
  Байланыстар
 

ОҚО ІІД-нің бастығының блогі


Оспанов Асқар Шуашұлы – полиция полковнигі, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы. 1959 ж.т., Алматы облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар. Ішкі істер органдарында 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Отан алдындағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Жаңалықтар топтамасы
ай жыл
Мамыр 2012
СсСрБсЖмСнЖсДс
    1  2  3  4  5  6 
 7  8  9  10  11  12  13 
 14  15  16  17  18  19  20 
 21  22  23  24  25  26  27 
 28  29  30  31          




 ЕСТЕЛІК КІТАБЫ 


Қызмет борышын атқаруда қайтыс
болған қызметкерлер естелік кітабы

Нарбаев Ерик
айы: 13.10.1979
    Нарбаев Ерік 1952 жылдың 3 ақпанында Целиноград облысы, Краснознаменск ауданы, Жұлдыз совхозында дүниеге келген. 1974 жылы Алматыдағы милиция мектебін бітіргеннен кейін Шымкентке жолдамамен келіп, мемлекеттік автоинспекция инспекторы қызметінен бастаған.
     1979 жылдың күз айының соңында милиция аға лейтенанты Ерік 60 жолаушы автобусын алып жүруге тапсырма алған. Шымкенттің 2 мыңдай жұмысшысы мақта жинаушыларға өнімді жинауға көмекке сенбілікке бара жатқан еді.
     Автоколоннаны Ерік Нарбаев милиция көлігімен басқарып келе жатқан. Кенеттен бензовоз бұрылыстан шыға келіп, колоннаға қарсы сол жақ жолдан келіп қалған. Жылдамдығын бәсеңдетер емес. Енді бір сәтте бензовоз автоколоннаға соқтығысыр еді. Аға лейтенант Нарбаев жылдамдықты басып, колннадан оқтай атылып шығып, бензовоздың жолын кес-кестеген... Автобустағы адамдар да құтқарылды, бензовоздың ессіз жүргізушісі де еш жарақатсыз аман қалады.
     Ерік өз жанын қиып, қызметтік борышын өтеу барысында осылай қаза тапты.
Бокенбаев Жолдасбек Кенжебаевич
айы: 13.11.1994
Бөкенбаев Жолдасбек Кенжебайұлы 1961 жылы Сайрам ауданы, Қызылсу селосында дүниеге келген. Сайрам ауданы, Советское ауылындағы ХVII партсъезд атындағы орта мектепте оқыған. 1978-1979 ж.ж. Шымкент қ. ДОСААФ спорт клубында телемеханика курсында оқыған. 1980-1982 ж.ж. Отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1983 жылы Самарқанд қаласындағы В.Куйбышев атындағы ауылшаруашылық институтының сырттай бөліміне түскен. 1991 жылы аталған институтты бітіріп, «Қаракөл мал инженері» мамандығын алып шыққан. 1991 жылдың қарашасында Дзержинский АІІБ-не учаскелік инспектор қызметіне қабылданған. 1994 жылдың сәуірінде милиция аға лейтенанты Бөкенбаев Жолдасбек қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған.
Шойнбаев Нуржан
айы: 13.03.1991
Шойынбаев Нұржан 1965 жылы Сайрам ауданының Черноводск селосында дүниеге келген. Осы селодағы №14 Орджоникидзе атындағы орта мектебін бітіріп, Шымкент қаласындағы №160 кәсіптік-техникалық училищесіне түскен. «Көпірмұнара кранының машинисі» мамандығын алған. Кеңес армиясы қатарына шақырылып, 1985 жылы әскери борышын өтегеннен кейін, Шымкенттегі облыстық мемлекеттік қуыршақ театрында сахна машинисі болып істеген. Ішкі істер органындағы қызметін 1986 жылдың сәуірінен Дзержинский АІІБ-де бастаған. 1991 жылы милиция аға сержанты Шойынбаев Нұржан қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған.
Отарбеков Бибасар
айы: 10.12.1990
Отарбеков Бибасар родился в 1953 году в с.Акдалинский, Бугуньского района. В 1970 году окончил среднюю школу имени Джамбула. С ноября 1971 по ноябрь 1973 год служил в рядах Советской Армии. После службы учился и получил шоферское право III-го класса. В декабре 1983 года принят участковым уполномоченным Арысского РОВД. 10 декабря 1990 года капитан милиции Отарбеков Бибасар погиб при исполнении служебного долга. Указом Президента СССР от 19 декабря 1991 г. посмертно награжден орденом Красной Звезды.
Анаров Турдымат
айы: 13.03.1964
Анаров Тұрдымат 1940 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. 1963 жылы Шымкент қалалық ішкі істер органында қызметін бастаған. 1964 жылы милиция сержанты Анаров Тұрдымат қылмыскерді ұстау барысында қаза болды. Анаров Тұрдыматтың есімі мәңгілік ҚазССР ІІМ-нің Құрмет Кітабына жазылған.
Шералиев Тайыр Нақыпжанұлы
айы: 31.07.2009
    Шералиев Тайыр Нақыпжанұлы 1986 жылғы 17 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы Шолаққорған ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1992 жылы Шолаққорған ауылындағы Н.Крупская атындағы мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 1999 жылы 7-ші сыныпты бітіріп, 1999 жылдың қыркүйек айынан бастап Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылының А.Иманов атындағы мектептің 8-ші сыныбына барады. 2002 жылы Шымкент қаласындағы Қ.Спатаев атындағы №7 техникалық лицей мектебінің 11-ші сыныбына барып, аталған мектепті 2003 жылы бітіреді. 2003 жылы ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы Шымкент Заң колледжіне оқуға түсіп, аталған оқу орынын 2005 жылы толық аяқтап шығады.
     2005 жылдың қазан айынан бастап МҚҚБ-ның Созақ аудандық «Рота» полициясына взвод командирі болып қызметке кіріседі. Соңғы қызмет еткен орны Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі болып жұмыс істеген.
     ОҚО ІІД ҰҚКБ-ның екі жедел уәкілінен тұратын топ, ауыр қылмыс жасағаны үшін 2008 жылдан бері Шымкент ҚІІБ-ның Әл-Фараби ПБ-мен іздеуде жүрген 1987 жылы туылған күдікті Буквадзені ұстау мақсатында Алматы қаласына қызметтік іссапарға шыққан. Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шара кезінде, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шералиев Тайыр қылмыскерді ұстау барысында ерлікпен қаза болды.
Абдрахманов Нариман Алексеевич
айы: 11.09.2008
    Абдрахманов Нариман Алексеевич 1957 жылы 11 маусымда Шымкент облысы Пахтаарал ауданы Ильич ауылында дүниеге келеді. 1964 жылы алғаш мектепке барып, 1972 жылы сегізжылдық оқуды бітіреді. 1976 жылы жұмысшы жастар орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы Пахтаарал совхоз-техникумында музыкашы болған. 1976 жылы Шымкент училищесінде киномеханик мамандығын алды. Сол жылы оны Кеңес әскері қатарына шақырып, 1978 жылы әскери борышын өтеп қайтады. Сол жылы Ленинград теңіз мектебінде оқып оны 1979 жылы бітіреді.
1987 жылы 09 маусымда Киров ауаткомы ІІБ қамтамасыз ету қызметінің милиционері лауазымына тағайындалады. Одан сол жерде кезекші бөлімінің кезекшісінің көмекшісі лауазымына өтеді.
1990 жылдың 19 қаңтарында қылмыскерді құрықтау барысында Н.Абдрахманов қылмыскердің қолынан пышақпен жарақатталып, қаза болды.
Сандыбаев Ақдәулет Тәжмағамбетұлы
айы: 11.09.2008
    Сандыбаев Ақдәулет Тәжмағамбетұлы 1965 жылы 23 қыркүйекте дүниеге келген. 1972 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттайды. 1982 жылы Капланбек зооветеринарлық техникумға оқуға түсіп 1985 жылы зоотехник мамандығын үздік оқып алады. Оны бітірісімен батальон старшинасы ретінде №67717-К бөлімде әскери борышын өтейді. 1987 жылы танк командирі лауазымында оралды.
1987 жылдың 01 желтоқсанында Ақдаулет Сандыбаев Шардара ауаткомы ІІБ ППҚ милиционер-мотоциклисті лауазымында ІІО-на қабылданады. Ол әр салалық қызметтерде жүріп, соңғы лауазымы Шардара АІІБ ҚІБ-нің шұғыл уәкілі болды.
1998 жылы 12 қарашада қарулы қылмыскерді ұстау барысында А.Сандыбаев аңшы мылтығының оғынан қызмет бабында қайтыс болды.
Шанбаев Оралхан
айы: 11.09.2008
    Шанбаев Оралхан 1932 жылы 07 мамырда Шымкент облысы Леңгір ауданында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен соң, Ә.Навои атындағы колхозда есепші болып орналасқан. 1952 жылдың желтоқсанында Кеңес әскерлері қатарында Москва облысы №40238 әскери бөлімде взвод командирі ретінде әскери борышын өтеп қайтқан. Содан 1956 жылы Леңгір қалалық милиция бөлімі балалар қабылдағышына инспектордың көмекшісі лауазымында ІІО-на қабылдананды. О.Шанбаев ІІО-да әртүрлі қызмет салаларында қызмет атқарған. 1979 жылы 03 ақпанда О.Шанбаев оқ атылған дауысты есітіп, барған жерде қарулы қылмыскерлерді ұстау барысында атыс қаруынан жарақат алып, қызметтік міндеттерін орындауда қаза болды.
Оңғарбаев Халмұрат Төлегенұлы
айы: 11.09.2008
    Оңғарбаев Халмұрат Төлегенұлы 1955 жылы 26 қарашада Шымкент облысы Сайрам ауданында колхозшы отбасында дүниеге келген. 1962-1970 жылдары 3-Интернационал атындағы сегізжылдық мектепті бітірісімен Манкент ҚКТУ-141 үздік оқып, ауыл құрылысы шебері мамандығын алған ол 1973-1974 жылдары Жетісай қаласындағы ӨМК-308 жұмыс жасады. 1974-1976 жылдары Кеңес әскерлері қатарында взвод командирінің орынбасары болып әскери борышын өтеген. Одан кейін ІІБ ДМД-да Шымкент Химфармзауытын күзету бойынша 2-дәрежелі милиционер лауазымында ІІО қатарына қабылданған. Ол бірнеше лауазымдарда кызмет еткен. Соңғы лауазымы Алғабас ауаткомы ІІБ ҚІБ-нің шұғыл уәкілі.
1984 жылы 02 шілдеде шұғыл іс-шаралар жүргізу барысында қылмыскерлер Х.Оңғарбаевты көліктерімен қасақана қағып кету салдарынан қызмет бабында қайтыс болды.
Гайбуллаев Айтжан Құдіретуллаұлы
айы: 11.09.2008
    Гайбуллаев Айтжан Құдіретуллаұлы 1963 жылы 28 сәуірде Шымкент облысы Түркістан ауданы Бабай-Қорған ауылында дүниеге келеді. БЛКЖО мүшесі болған. 1970-1980 жылдары Куйбышев атындағы орта мектепте оқып, еңбек жолын Түркістан ауданаралық базасының жұмысшысынан бастаған. 1981-1983 жылдары Германиядағы КСРО Қарулы Күштері қатарында болып, әскери борышын өтеген. 1984-1989 жылдары Шымкент қаласында «Үйжайқұрылыс комбинатында» қалыптаушы. 1990 жылы Кентау қалалық комсомол комитетінің жолдамасымен Кентау қалаткомы ІІБ Патрульдік полиция қызметі бөлімшесінің милиционері лауазымына тағайындалады. Осы аралықта Айтжан үйленіп, балалы-шағалы болды.
     1996 жылы 09 тамызда белгісіз азаматтардың жаппай бұзақылығын тыю барысында көптеген дене жарақаттарын алған А.Гайбуллаев қызмет бабында жүріп қаза болды.
Дөненов Тимур Төлендіұлы
айы: 11.09.2008
    Дөненов Тимур Төлендіұлы 1968 жылы 21 маусымда Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Жемісті кеңшарында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1987 жылы Сарыағаш ауданындағы Мичурин атындағы орта мектепті бітірген ол еңбек жолын «Қапланбек» оқу-тәжірибелік шаруашылығының МЖУ реттеуші қызметінен бастайды. 1986 жылдың тамыз айынан бастап сол жерде жүргізуші болып жұмыс істейді. 1986 жылдың қазан айынан Германиядағы КСРО Қарулы Күштері қатарында болып, 1989 жылы әскери борышын өтеп келген ол ҚазХТИ-ның тыңдаушысы болады. Сол жылдары үйленіп, балалы-шағалы болады.
1992 жылдың наурыз айында Т.Доненов Шымкент қалатком ІІБ ҚІБ Шұғыл іздестіру бөлімшесіне милиционер-жүргізуші лауазымына тағайындалады. Абай АІІБ ҚІБ кіші шұғыл уәкілі лауазымында жүріп, 1995 жылы 09 қазанда сағат 23-00 шамасында Шымкент қаласы А.Молдағұлова көшесі мен Ленин даңғылы қиылысында көмек беру жөнінде айқай-шу шыққан жерге жәрдемге барған Т.Дөненов қылмыскермен арпалысу барысында қылмыскердің пышағынан жарақат алып, қаза болды.
Құдайбергенов Рысбай
айы: 11.09.2008
    Құдайбергенов Рысбай 1949 жылы 22 мамырда Қызыл-Орда облысы Шиелі ауданы Төмен-арық ауылында дүниеге келген. 1966 жылы №53 орта мектебін бітіреді. Сол жылы Жаңақорған АКТУ-187 оқуға түсіп 1967 жылы 3-класты жүргізуші және комбайнер мамандығын алады. Сол жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетіне оқуға түсіп, оны бітірісімен 1972 жылы Қызыл-Орда облысы Жаңақорған ауданы Задария кеңшарында еңбек жолын бастаған.
1973-1974 жылдары Жаңақорған аудандық ауылшарушылық басқармасында агроном, 1974-1978 жылдар аралығында «Қазаушартехника» Жаңақорған аудандық бірлестігінде аға агроном қызметтерін атқарған.
1978 жылы Р.Құдайбергенов ІІО қатарына қабылданып, Кентау қалаткомы ІІБ медайықтырғышының инспектор-кезекші лауазымына тағайындалады. Соңғы атқарған қызметі – Кентау қалаткомы ІІБ қылмысты іздестіру бөлімшесі бастығының орынбасары лауазымында. 1994 жылдың 09 шілдесі оның ең соңғы күні болды. Қылмыскерді ұстау барысында Р.Құдайбергенов атыс қаруынан алған жарақаттан қызмет бабында қаза болады.
Джумабаев Давранбек Мамарасулович
айы: 11.09.2008
    Джумабаев Давранбек Мамарасулович 1967 жылы Шымкент қаласында туылған. Ұлты өзбек. 1974 жылы А.П.Чехов атындағы №21 орта мектепке бастауыш класына барады. Мектеп оқуын бітірісімен ДОСААФ-та жүргізуші курсын оқиды. ДОСААФ-та үздік оқығаны үшін мақтау грамотасымен марапатталған.
Көлік жүргізушісі куәлігін алысымен 1985 жылы КСРО Қарулы Күштері қатарында Новгород қаласындағы №3675 әскери бөлімде бөлімше командирі болып, кіші сержант әскери атағында 1987 жылы оралған.
1988 жылдың ақпан айында ІІО қатарына қабылданып, Шымкент облаткомы милицияның жеке батальоны арнайы ротасының милиционері лауазымына тағайындалады. Содан ол басқа да лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы лауазымы Шымкент қалаткомы ІІБ-ның милиционер-жүргізуші болған.
1992 жылдың 21 қыркүйегінде милиция сержанты Д.Джумабаевтың жартылай өртенген өлі денесі табылған.
Бердалиев Марат Зәуірбекұлы
айы: 11.09.2008
Бердалиев Марат Зәуірбекұлы 1960 жылғы 28 сәуірде Шымкент облысы Түлкібас ауданы Антоновка ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1967-1977 жылдар аралығында Антоновка орта мектебінде оқыған. 1977-1978 жылдарда Сайрам ауданындағы «Манкентживмаш» зауытында жұмыс жасаған. 1978 жылы Германиядағы КСРО Әскерінің қатарында әскери борышын өтеп, 1980 жылы ефрейтор әскери атағымен оралған. 1975 жылы БЛКЖО мүшесі болған.
1980 жылы ол Түлкібас ауданындағы Түлкібас совхозына жұмысқа кіреді. 1981 жылы М.Бердалиев КСРО ІІМ-нің Алматы арнайы орта милиция мектебінің тыңдаушысы болып қабылданады. Осы оқу орынын 1983 жылы бітірісімен Абай АІІБ-нің учаскелік инспекторы лауазымына тағайындалған.
1987 жылы 08 шілдеде М.Бердалиев қылмыскерлермен қарулы қақтығыста қаза болған.
Байтіленов Нұраш Пернебекұлы
айы: 11.09.2008
Байтіленов Нұраш Пернебекұлы 1959 жылы Шымкент облысы Ленин ауданында 1959 жылдың 16 қарашасында дүниеге келген. Тұрбат елді мекенінде өсіп-өнген.
1967 жылғы 1 қыркүйегінен 1977 жылғы маусым айына дейін «Қазанның 30 жылдығы» орта мектебінде оқыған. 1974 жылы БЛКЖО қатарына қосылған. Орта мектепті бітірісімен шілде айынан бастап «Тұрбат» сегізжылдық мектебінде лаборант қызметінде еңбек жолын бастаған. 1978-1983 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік университетінің заңгерлік факультетін оқып бітірген.
Университет қабырғасында оқу жылдары факультеттің комсомол комитеті алқасының мүшесі болған. Агитбригада мүшесі болған. Ол еңбек еткен студенттік құрылыс жасағы 2 жыл қатарынан 1-орынды жеңіп шыққан.
Университетті бітрген соң өзінің туып-өскен А.Навои атындағы колхозда жұмыс істеп, 1983 жылдың қыркүйек айынан Ленин ауданындағы «Күйік» мал бордақылау зауытында заңгер болған. Осы шаруашылықта қызмет атқара жүріп, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан. Комсомол комиттеті төрағасының орынбасары бола отырып,Фогелев атындағы ауылдық кеңесінің ЕХЖ (ДНД) командирі болған. Сол кездері Н.Байтіленов үйленіп, балалы-шағалы болған.
1989 жылғы 27 қаңтарда Н.Байтіленов Абай АІІБ Анықтау тобының инспекторы лауазымына тағайындалды. Содан 1989 жылдың қазан айынан сол жерде тергеуші лауазымына жылжытылған.
1995 жылы 06 наурызда таңғы сағат 05-00 шамасында ЖТТ құрамында қылмыскерді ұстау барысында, қуып жетіп алған қылмыскерді құрықтамақшы болған Н.Байтіленовты қылмыскер жандарында өтіп бара жатқан пойыз астына итеріп жіберген. Соның салдарынан Н.Байтіленов сол жерде қаза болған.


 



Дизайн ТОО "Kitesco" 2009
Разработка ТОО "LiO Programs" 2005-2012
  ОҚО ішкі істер департаментінің - www.dvd-uko.kz, 2005-2010
  бастығының қабылдау бөлімі: 8 /7252/ 212-033
  сенім телефондары: 8 /7252/ 212-193, 8 /7252/ 214-323
Единый каталог фирм Казахстана