қазақша | русский | english ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, ауруханаға 6 адам жеткізілді, Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.


НЕГІЗГІ

ҚҰРЫЛЫМ

ТАРИХ

БАЙЛАНЫСТАР
  НАВИГАЦИЯ
  Негізгі бет
  Департамент тарихы
  Мемлекеттік рәміздер
  Мемлекеттік тіл - қызмет тілі
  ҰОС ардагерлері
 
 
 
  Жақын маңдағы ііб-рі
  Список граждан не получивших ИИН
  Менің учаскелік үәкілдерім
  Жаңалықтар легі
  Қылмыстық хроника
  Президент жолдауы
  Анкеталау
  Баспасөз релиз
  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
  Мемлекеттік қызмет көрсетулер тізбесі
  Мемлекеттік сатып алулар
  Полиция туралы пресса беттерінде
  Сұрақтар-жауаптар
  Web қорлардың анықтамасы
  Байланыстар
 

ОҚО ІІД-нің бастығының блогі


Оспанов Асқар Шуашұлы – полиция полковнигі, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы. 1959 ж.т., Алматы облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар. Ішкі істер органдарында 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Отан алдындағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Жаңалықтар топтамасы
ай жыл
Мамыр 2012
СсСрБсЖмСнЖсДс
    1  2  3  4  5  6 
 7  8  9  10  11  12  13 
 14  15  16  17  18  19  20 
 21  22  23  24  25  26  27 
 28  29  30  31          




 СҰРАҚТАР-ЖАУАПТАР - Общие вопросы (154) 

Өз сұрағыңды қою   

19.04.2012 (сұрақ номері 2585)
сұрақ берді: Ешимбетова Акнур Бимурзаевна 
Сұрақ: Құрметті Оспанов Аскар Чуашевич Сізге қояр сұрағым келесі Жол полициясы қызметкерлері Шымкент қаласының көшелерінің кез-келген жерінде тұруға қықылы ма және қандай құжат негізінде дәл сол жерде тұруларына құқылы. Мен Ә.Молдағұлова көшесінде жұмыс істеймін. Сіздің қызметкерлеріңіз біздің көшеде жексенбі күні келіп тұрып алады, не себепті олар басқа күні келмей, дәл жексенбі күні келеді және өз беттерінше келулеріне құқылы ма. Сізден жауапты асыға күтемін.

Жауап:
Жол полициясы қызметкерлері бекітілген кестеге сай өз орындарында тұрып жұмыс атқаруы тиіс сонымен қатар, жол полициясы қызметкерлері арнайы автокөліктермен жұмыс атқарылуы керек. Тоқтатқан жағдайда сіз жол полициясы инспекторынан қызметтік куәлігін көрсетуін сұрай аласыз, қалған қандайда құжаттар қызметтік құжат болып есептеледі оны көрсетуге жатпайды. Егер жол полициясы инспекторы атқарып тұрған орнын білгіңіз келсе жол полициясы басқармасының кезекші бөлімінің телефоны 53-52-52 немесе 102 арқылы білуіңізге болады

18.04.2012 (сұрақ номері 2584)
сұрақ берді: Абдығаппар 
Сұрақ: Ассалаумалейкум, менің қоиайын деген сұрағым Фото радар 40 пен журетін жерден 60,9-бен -- байкаусызда өттік енді қанша штраф төлейміз ? және осындай тарифтерді қайдан білуге болады ?

Жауап:
ҚР ӘҚБтК 462 бабының
1. көлік құралдары жүргізушілерінің қозғалыстың белгіленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейінгі шамаға арттырып жіберуі, –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. көлік құралы қозғалысының белгіленген жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге дейінгі шамаға арттыруға, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. көлік құралы қозғалысының белгіленген жылдамдығын сағатына қырық километрден қырық километрден астам шамаға арттыруға, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



11.04.2012 (сұрақ номері 2569)
сұрақ берді: Айдар 
Сұрақ: Сәлеметсізбе, егер миграция бойынша сұрақтар болса, қай телефон арқылы хабарлауға болады? Рахмет

Жауап:
Көші-қон (миграция) мәселесі бойынша сұрақтарыңыз болса Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерінің төмендегі қызметтік телефондарына хабарласуыңызға болады:
33-98-58
97-63-13
97-63-06


09.04.2012 (сұрақ номері 2556)
сұрақ берді: Данияр 
Сұрақ: ал салму алейкум ,,, ен кем дегенде праваны кай жастан алуга болады ,,, ен кем дегенде ?


Жауап:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №90 бұйрығының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының төмендегі жастағы азаматтары, көрсетілген санаттағы көлiк құралдарын басқаруға құқылы:
- он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты);
- он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiң орындығын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автомобильдердi.



02.04.2012 (сұрақ номері 2537)
сұрақ берді: Жомарт 
Сұрақ: Саламатсызба менин сизге кояр сурагым май кызметкерлери кез келген жерде озинин жеке колигимен турып колында радар апаратымен турып жумыс истеуге болады ма? ерег токтанкан жагдайда май кызметкерлеринен кандай кужаттар талап етуге болады, жане май кызметкери жалгыз турып жане устинде кандай жумыс киими болуы керек жауабынызга алдын ала мын рахмет,,,,,,,g

Жауап:
Жол полициясы қызметкерлері бекітілген кестеге сай өз орындарында тұрып жұмыс атқаруы тиіс сонымен қатар, жол полициясы қызметкерлері арнайы автокөліктермен жұмыс атқарылуы керек. Тоқтатқан жағдайда сіз жол полициясы инспекторынан қызметтік куәлігін көрсетуін сұрай аласыз, қалған қандайда құжаттар қызметтік құжат болып есептеледі оны көрсетуге жатпайды. Егер жол полициясы инспекторы атқарып тұрған орнын білгіңіз келсе жол полициясы басқармасының кезекші бөлімінің телефоны 53-52-52 немесе 102 арқылы білуіңізге болады.

01.04.2012 (сұрақ номері 2531)
сұрақ берді: Nyshan 
Сұрақ: Ассалаумагалейкум! қояр сұрағым, 3 топ мүгедектерге авто көлік салығында жеңілдіктер бар ма және де авто көлік сақтандыруында да? рахмет!

Жауап:
Бұл сұрақтар бойынша салық басқармасынан және сақтандыру компанияларынан сұрауыңызға болады.

29.03.2012 (сұрақ номері 2522)
сұрақ берді: Алмас 
Сұрақ: Жол полициясы тоқтатқан сатте жүргізуші ол қызметкерден кандаи кужат сурауға кукылы Мен Шымкент каласынын Аэропорт жакта турам бизде кез келген бурышка тыгылып турып токтату жумысы кобеип кетти мен кандаи мемлекеттік белгилерин сурауға кукылымын соны тусиндирип жиберсенизdd

Жауап:
Күнделікті әр-түрлі ауыр дене жарақаты кісі өлтіру автокөліктерді заңсыз айдап кету қылмыстары, апаттылықтың жай-күйін тұрақтандыруға және жүргізушілердің Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге байланысты, ішкі істер органдары тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар рейдтер өткізеді. Осы іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының "Ішкі істер органдары туралы" Заңына сәйкес Ішкі істер органдарының қызметкерлері екі мезгілде жұмыс атқарады, осыған байланысты көлік құралдарын тоқтатуға құқылы сонымен қатар тоқтатқан жағдайда келесі құжаттарды көрсетуіңізге тиіс, атап айтқанда:
-жүргізу куілігі;
-автокөліктік тіркеу туралы техниқалық құжаты;
-техникалық байқаудан өткен туралы техникалық байқаудан өткені туралы куәлігі;
-сақтандыру полис.

27.03.2012 (сұрақ номері 2512)
сұрақ берді: Дулат 
Сұрақ: Саламатсыз ба? Жургізуші жол жүру ережесин бузбаган жагдайда, МАЙ кызметкерлерінің колікті токтатын кұжаттарын тексергені қаншалықты заңды? Құжатты тек стациоарлық күзет орнында гана токтатып тексеру керек емес пе?

Жауап:
Күнделікті әр-түрлі ауыр дене жарақаты кісі өлтіру қылмыстары, апаттылықтың жай-күйін тұрақтандыруға және жүргізушілердің Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге байланысты, ішкі істер органдары тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар (рейдтер) өткізеді. Осы іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңына сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері екі мезгілде жұмыс атқарады осыған байланысты көлік құралдарын тоқтатуға құқылы.



26.03.2012 (сұрақ номері 2508)
сұрақ берді: Ұлбосын 
Сұрақ: Саламатсыздар ма? Менің сіздерге қояр сұрағым: менің атымнан біреу агент ашып алып, менің жеке ұялы байланыс номерімді жан-жаққа таратып, менің ар-намысыма тиетін балағат сөздермен жұрттың да мазасын алып отыр. Қазіргі жағдайда тұрмыстамын, 3 баланың анасымын және жүктімін. 23.03.2012жылдан бастап менің жеке уялы телефоныма бөгде адамдар звондаумен болды. Сол менің атымнан агент ашып отырған адамды табу үшін қандай шара қолдануға болады? Және де кімге арыз тастауыма болады?

Жауап:
Қазіргі таңда, Сіздің жазып отырған хабарламаңыз Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 129 бабымен (жала жабу) болып табылады. Осыған орай, Сіз өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша яғни, Ішкі істер оргынына хабарласып жазбаша түрде арызыңызды беруіңіз қажет.
Жазбаша арыз бергенен соң, Сіздің талабыңыз бойынша заң шеңберінде көрсетілгендей шешім қабылданады.


24.03.2012 (сұрақ номері 2504)
сұрақ берді: Беркімбеков Әлиасқар Әділханұлы 
Сұрақ: Шымкент аграрлық колледжінің 2007 жылға дейін ВС категориялы жүргізушілерді автокөлік құралын басқаруға үйрету үшін оқытуға арналған лицензиясы болған. Қазіргі уақытта ол лицензияның күші жойылған. Алдағы уақытта сол лицензияны алу үшін қандай құжаттар керек және қайда барып өтініш білдірсек болады? Мүмкін болса, жауабын факспен де жіберулеріңізді сұранамыз.

Жауап:
Беркимбеков Әліасқар Әділханұлына!
Лицензияның күші жойылғанына байланысты алдағы уақытта сол лицензияны алу үшін толық мәліметті Қазақстан Республикасы ІІД ЖП Комитетінің / www.Zholpolice.kz / сайтынан толық мәліметті алуыңызға болады.
Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау
Ли¬цен¬зи¬ялық қыз¬меттің тізіміне Қазақстан Рес¬публи¬касы¬ның 2007 жылғы 11 ақпан¬дағы «Ли¬цен¬зи¬ялау ту¬ралы» Заңымен көлік құрал¬да¬ры жүргізушілерін да¬яр¬лау, қай¬та да¬яр¬лау енгізілген.
Қазақстан Рес¬публи¬касы ІІМ Жол по¬лици¬ясы¬ның Ко¬митетіні Қазақстан Рес¬публи¬касы¬ның 1995 жылғы 21 жел¬тоқсан¬дағы № 2707 «Қазақстан Рес¬публи¬касы¬ның Ішкі Істер Ор¬ганда¬ры ту¬ралы» және 1996 жылғы 15 ма¬усым¬дағы № 29 «Жол жүру қауіпсіздігі ту¬ралы» Заңда¬рына сәй¬кес көлік құрал¬дарды жүргізушілерін да¬яр¬лау, қай¬та да¬яр¬лау бойын¬ша ли¬цен¬зи¬яларға рұқсат бе¬реді.
Бүгінгі күнге Үкіметі 2007 жылғы 21 ма¬мыр¬да, Көлік кұрал¬да¬рының жүргізушілерін да¬яр¬лау, қай¬та да¬яр¬лау жөніндегі қыз¬метті ли¬цен¬зи¬ялау Ере¬жесін және оған қойыла¬тын біліктілік та¬лап¬та¬рын бекітетін № 402 қаулы қабыл¬данған, со¬лар¬дың негізінде же¬ке және заңды тұлғаларға ли¬цен¬зи¬яны алу үшін ке¬лесі құжат¬тар ке¬рек:
1. арыз;
2. заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға ретінде арыз¬да¬нушы¬ның мем¬ле¬кеттік тірке¬удің куәлігі және жарғы көшірмесі но¬тари¬ус¬пен бекітілген;
3. же¬ке тұлғалар үшін – же¬ке ба¬сын рас¬тай¬тын құжат¬тың көшірмесі;
4. же¬ке ба¬сы кәсіпо¬рын – заңды тұлға ретінде арыз¬да¬нушы¬ның мем¬ле¬кеттік тірке¬удің куәлігін және жарғы көшірмесі но¬тари¬ус¬пен бекітілген;
5. но¬тари¬ус¬пен сендірілген са¬лық ор¬ганда¬рын¬да арыз¬да¬нушы¬ның ойын ту¬ралы есебінің көшірмесі;
6. оңаша қара¬жат кейіпімен ай¬на¬лысу құқық ар¬ты¬нан бюд¬жетке төлен¬ген ли¬цен¬зи¬ялық жи¬нақта¬уды рас¬тай¬тын құжат.;
7. та¬лап ету ма¬ман¬дығы сәй¬кестігімен құжат¬тар және мағлұмат¬тар;
Ма¬ман¬дықта¬рының та¬лап¬та¬рын негізін тек¬се¬ру үшін жүргізушілердің да¬яр¬ла¬удың субъектілерін өткізуі, және де көзге көрінбейтін прин¬ципін қам¬та¬масыз етуі, әр ай¬мақта бас¬шы¬лар¬дан ЖПБ тіркеу-ем¬ти¬хан бөлімше¬лер¬ден про¬кура¬тура, көпшілік және білім ор¬ганда¬рының қыз¬меттерінне құрылған.


19.03.2012 (сұрақ номері 2486)
сұрақ берді: Меруерт 
Сұрақ: Саламатсыздарма! Менін қызым әкесіз еді. Соған өкімет тарапынан жәрдем барма деген едім, Ақша жөнінде және үй жөнінде? Қызым өзімнің атымда.

Жауап:
Бұл мәселені қарау ІІД-ның құзырлығына жатпайды.

18.03.2012 (сұрақ номері 2482)
сұрақ берді: сакен 
Сұрақ: Саламатсыздар ма.Менин сурагым жол ережеси туралы.Асиресе тунде жол ережесин бузбасанда жол полициясы токтатады,неге токтаттыныз деп сурасан кужат тексеру дейди.Сондай ереже барма?Жол ережесин бузбасан да кужат тексеру деген?

Жауап:
Күнделікті әр-түрлі ауыр дене жарақаты кісі өлтіру қылмыстары, апаттылықтың жай-күйін тұрақтандыруға және жүргізушілердің Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге байланысты, ішкі істер органдары тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар (рейдтер) өткізеді. Осы іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңына сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері екі мезгілде жұмыс атқарады осыған байланысты көлік құралдарын тоқтатуға құқылы.

15.03.2012 (сұрақ номері 2469)
сұрақ берді: Руслан  
Сұрақ: Саламатсызба. МАй қызметкері тоқтатқанда, қандай құжаттарды көруге құқылы. Және олар машинаның страховкасын, техпаспортын коруге міндеттіма?

Жауап:
ҚР жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізушілердің жалпы міндеттері.
2.1. механикалық көлік құралының жүргізушісі мыналарға міндетті;
2.1.1. мыналарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының (полиция) оған уәкілетті лауазымды адамдарының талап ету бойынша оларға тексеруге беруге;
көлік құралын жүргізу құқығына жүргізушінің куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат);
жүргізуші куәлігінің талоны;
көлік құралдарына тіркеу құжаттары;
көлік құралының иесі болмағанда басқарған жағдайда – осы көлік құралына иелік етуді немесе пайдалануды, немесе билік ету құқығын растайтын құжат;
мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;
заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі.


06.03.2012 (сұрақ номері 2440)
сұрақ берді: Жандос 
Сұрақ: Саламатсыздар,мен жакында В категориасындағы жеңіл көлік алғам Жамбул обылысынын, бырак мен шымкент обылысында турам енді өз атыма аудармас бурын машинанын түсін ауыстырмақшымын, бул жағдайда не істеуге болад және не дакументтер дайындау керек? казірден рахмет айтам,

Жауап:
Жамбыл облысынан алған жеңіл автокөлікті өз атыңызға аудармас бұрын автокөліктің түсін өзгерту үшін Сіз міндетті түрде осы автокөлікке тиесілі құжаттарды алып ОҚО ІІД ЖПБ Тіркеу-емтихан бөліміне келуіңіз қажет.

05.03.2012 (сұрақ номері 2437)
сұрақ берді: Сайдикарим Қочқартаев 
Сұрақ: Сәлеметсізбе Аскар ағай. Сізден көмек сұрап, әділдік орнатуыңызды сұраймын , Болған оқиғаны қысқаша айтып өтсем, Мен Сайдикарим Қочқартаев Қарабұлақ ауылындағы №81 "Ұлықбек" мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарамын. 5 ақпан сағат 11 шамасында мектепке К. Молайханов айқайлап, балағаттап, орынсыз сөздермен маған қоқан лоққы көрсетіп келді . Молайханов Комилжан (бір неше жыл бойы Сайрам аудандық ІІБөлімінде қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнеткерлікте ) , Оқушылар , ұстаздар алдында "Менің Конституциялық" құқығымды аяқ асты қылып, көпшілік алдында К. Молайханов Қазақстан Республикасының заңында көрсетілмеген іс әрекеттерді іске асырды. Өз құқығымды қорғау мақсатында Қарабұлақ ауылындағы "Полиция" бөлімшесіне жедел қоңырау қылдым, Телефон трубкасын алған полиция кезекшісіне, тез келіп ,көмек берулерін өтіндім. Олардың жауабы: Сіз полиция бөлімшесіне жазбаша жазыңыз,одан кейін,арызыңызға сай іс әрекет болады.
Құрметті Асқар ағай ! Полиция қызметкерлерінің жауабы орындыма, ІІБ іс атқарып қазіргі таңда, зейнеткерлікте жүрген К. Молайхановты құқығымды аяқ асты қылғаны үшін , заң алдында жауапкершілікке тартсаңыз. Өз бақылауыңызға алып, заң шеңберінде шешуіңізді сұранамын. Сіздің қолдауыңыз бен ,Әділдік орнатады деген үміттемін..

Жауап:
Сәлеметсізбе Қочқартаев Сайдикарим Абдиганиевич!
Сізге, өзіңіздің ОҚО ІІД-нің бастығының атына 07.03.2012 жылы жазған арызыңызға байланысты, ОҚО ІІД-нің Сайрам аудандық ІІБ-мен жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, К.Молайхановтің іс-әрекетінде ҚР ӘҚБК-нің 330-бабының 1-бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық болуына байланысты, соңғының үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, Сайрам аудандық сотына 14.03.2012 жылы жолданғандығын хабарлаймыз.


02.03.2012 (сұрақ номері 2426)
сұрақ берді: Нургиса 
Сұрақ: 18 ге толмай права алса бола ма??

Жауап:
Көлiк құралдарын басқару құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн:
- он алты жасқа толғандарға - мотоциклдерді, мотороллерлерді және басқа да мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" санаты);
- он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiнің орындығын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автомобильдердi;



07.02.2012 (сұрақ номері 2327)
сұрақ берді: Галымжан 
Сұрақ: Саламатсыздарма. Женің жүргізуші куәлігімнің уақытысы 20.04.2012 жылы бітеді екен. Қай уақыттан бастап куәлігімді жаңа куәлікке ауыстыруыма болады. Қай жерде, қандай құжаттарды жинауым керекb

Жауап:
Сізге жүргізу куәлігіңізді ауыстыруыңыз үшін, төмендегі құжаттарды тұрғылықты жердегі тіркеу емтихан бөліміне тапсыру керек:

1. ҚР азаматының жеке куәлігі
2. №3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәлігін беруге арналған бланкіге толтырылған өтініш
3. Медициналық анықтама нұсқа №083 (жүйке аурулар диспансері және наркологиялық диспансері)
4. Жүргізушінің жеке қима қағазы
5. РНН
6. Азаматтарды тіркеу кітабін (немесе мекен жай бюросының анықтамасы)
7. Төлемақы төлеген тұралы түбіртек.



07.02.2012 (сұрақ номері 2325)
сұрақ берді: Галымжан Заханулы 
Сұрақ: Саламатсыз ба Аскар Мырза!!!! менің сауалым колік кауіпсіздігі жайында еді, Аскар мырза казір колік кудайга шукір жетерлік,осы коліктердің сапасы туралы сурак койгым келеді,мысалы Мактарал ауданында поворотниктері жанбайтын,кауіпсіздік белдіктері жарамсыз,Жарык белгілері дальний,ближний жанбайтын коліктерді коптеп мысал келтіруге болады,ондай техникаларга және,олардын жургізушілеріне кандай шара корер едіңіз?

Жауап:
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен соттық жүйенің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар туралы» №1039 Жарлығымен техникалық байқауды жүргізу қызметі міндетін бәсекелестік ортаға беру мәселесі көрсетілді. Техникалық байқау өткізудің тәртібін бақылау Көлік және коммуникация министрлігіне жүктеліп, Ішкі істер министрлігі тек көлік құралдарын пайдалану кезінде оның уақтылы техникалық тексеруден өткендігін бақылау ғана қалатын болды.
Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК 461 бабының 7 бөлігіне сәйкес мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген кқлік құралын жүргізу – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, ҚР жол қозғалысы ережелерінің 2.8. тармағына сәйкес тежегіштің жұмыс жүйесі немесе рульдік басқаруы жұмыс істемейтін болса, ақауы бар тіркеу құрылғысымен сондай-ақ тәулік қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз көрінетін жағдайларда
- Фарлар мен (немесе) артқы үлкен оттары жанбайтын (жоқ) болса, жаңбыр
немесе қар жауып тұрғанда жүргізуші жағындағы терезе тазалағыштың ақауы болса, көлік құралының қозғалысына тыйым салынады.
Жол жүргенде Негізгі ережелермен көлік құралдарын пайдалануға тыйм салынатын және жүргізуші анықтай алатын басқа да ақаулар және жағдайлар туындаған жағдайда, оны жоюы тиіс, ал егер бұл мүмкін болмаса, жағдайда онда қажетті сақтық шараларын сақтай отырып тұрақ немесе жөндеу орнына апаруына болады.



07.02.2012 (сұрақ номері 2324)
сұрақ берді: мико 
Сұрақ: Ассаламуалейкум Май кызметкерлерынын жумыста отыру уакыты кандай издеп барсак таппаймыз

Жауап:
ОҚО ІІД Жол полициясы басқармасының жеке батальонымен жеке ротасының жұмыс атқаратын мезгілі таңертең сағат 7-00 ден 18-00 ге дейін көше бойларында қызмет атқарады, ал аппарат қызметкерлері сағат 8-30 дан 19-00 ге дейін жұмыс жасауды, түскі үзіліс сағат 13-00 ден 15-00 ге дейін.



02.02.2012 (сұрақ номері 2295)
сұрақ берді: Роллан 
Сұрақ: Құрметті Асқар мырза менің сізге қояр сұрағым бар еді. Егерде жол полициясының қызметкері Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы жолда жүру ережесін бұзған жағдайда заңға сәйкес тиісті хаттама толтыруға міндетті. Бұл жағдайға өз басым толығымен қосыламын. Алайда осы жерде бір түсінбестік орын алатын жағдай егерде жолда жүру ережесін бұзған азаматқа әкімшілік хаттама толтырылу барысында неліктен жүргізуші куәлігі алынып қойылуға тиіс. Мен білемін жүргізуші куәлігі тек қана құқық бұзған азаматтың тек қана екінші мәрте құқық бұзушылық жасалғаны дәлелденсе ғана алынуы керек. Алматы қаласында жолда жүру ережесін бұзсаңыз сіздің жүргізуші куәлігіңізді алып қоймайды, тек қана әкімшілік хаттама толтырылып айыппұлды төлеу керектігі жөнінде ескертеді, айыппұлды төлеу әр азаматтың міндеті. Біздің облыста ондай емес құқық бұзушылық жасадың ба жүргізуші куәлігін алып қояды. Алайда жүргізуші куәлігі әр азаматтың жеке мүлкі болып табылады, жеке мүлікті тәркілеп алу тек қана соттың құзіретіне жататын нәрсе емес пе? Болмаса жеке куәлікті алу жөнінде бөлек хаттама толтырылса. Біздің оңтүстік өңіріндегі жол сақшыларына басқа заң бар ма? Сіз осы жөнінде түсініктеме бере аласыз ба?

Жауап:
«ҚР Жоғарғы сотының 2011 жылғы 29 маусымындағы № 2 Нормативтік қаулысының 1-тармағы 13 тармақшасымен жүргізуші куәлігін алудың негізі мен тәртібі түсіндірілген «жол полициясының лауазымды адамы жол қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде ҚР ӘҚБтК 577, 615 – баптарының, 618-бабының бірінші бөлігі 5) тармақшасының ережелеріне сәйкес тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану тәртібімен ғана көлік жүргізуші құқығын беретін куәлікті алып қоюға құқылы». Осы қаулы 2011 жылғы 9 тамызда күшіне еніп, сол күннен бастап ОҚО ІІД Жол полициясының қызметкерлерімен, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілердің жүргізуші куәліктерін алу тек.
- ӘҚБтК-ге сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айыру
түріндегі әкімшілік жаза көзделген Жол қозғалысы ережелерін (бұдан әрі-ЖҚЕ) бұзушылық фактілері бойынша;
- ЖҚЕ қайта, жүйелі бұзушылық жасағаны үшін;
- Егер жүргізуші тағылған бұзушылықпен келіспеген және оның
белгіленген тәртіпке қайта қарайтын жағдайларда жүзеге асырылады.


30.01.2012 (сұрақ номері 2277)
сұрақ берді: Талғат 
Сұрақ: Жаңақорған ауданынан Түркістан қаласына кіре берістегі бұрынғы қойылған жол ережесі белгілері (знактар) әлі алынбаған солардың казіргі тұрысы дұрыспа? сол жол бойындағы әр түрлі жылдамдық белгісі бірде тұрады бірде тұрмайды. Сонда гай қызметкерлері знак белгілерін қолдарына ұстап әр қойғысы келген жерге қоюға құқылыма?

Жауап:
Түркістан қаласына кіре берісіндегі жол ережелері Батыс Европа-Батыс Қытай тас жолын салуына байланысты, жылдамдықты шектеу жол белгілері уақытша ордерге сәйкес ОҚО Автомобиль жолдары департаментімен келісіліп қойылған.

26.01.2012 (сұрақ номері 2264)
сұрақ берді: Абзал 
Сұрақ: Салеметсиздер ме? сізге қояр сурағым мынадай!
1. Біздің ауданда Жол полиция қызметкерлері жетон нөмірі болмаса да авто көліктерді тоқтатады жанеде озинин жекеменшик машинасымен ауылдын орталыгына турып алып автоколиктерди токтатуда, жекеменшик автоколигимен машинаны токтатып, ишине отырып алып удостворениесин корсетпей оз-озин таныстырмай документ салатын жерди ози актарады, менин автоколигим стоянкада турсада келип машинама отырып ишиндеги документтерди актара береди ишиндеги заттаргада тиседи ол калай болады. Зан бойынша калай болу керек


Жауап:
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 543-бабына сәйкес полиция учаскелік инспекторларына жол қозғалысы саласында әкімшілік істерді қозғауға, әкімшілік хаттамаларды толтыруға, істерді қарауға және бір қатар әкімшілік істер бойынша процессуалдық шешім қабылдауға өкілдік берілген. Көрсетілген талаптарға сәйкес учаскелік инспекторлар тоқтау ережесін, тұрғын аймағындағы қозғалысты, жолаушыларды тасымалдау ережесін, қауіпсіздік белбеуін пайдалану, көлік құралын тиісті құжаттарысыз басқару фактілері бойынша және жаяу жүргіншілердің ережені бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қолдана алады.
Егер жол полициясы қызметкері арнайы автокөліксіз жұмыс атқарып тұрып заңсыз іс-әрекеттер жасаған болса жол полициясы басқармасының сенім телефоны 53-65-51, сонымен қатар 112 телефоны арқылы шағымдануыңызға болады.



26.01.2012 (сұрақ номері 2261)
сұрақ берді: Бека  
Сұрақ: егер мен баска калада жол козгалысынын ережен бузган жагдайда, МАЙ кызметкерлері менің журу куәлігімді алып койды, баска каладан менин журу куалігім келмей жатқанына 9 айдын колемі болды. сол бузаг каланын озине бардым ол жак жок деп кайтарды, Обл гайге барсам жок деп мени бирнеше марте кайтарды. бул жагдайда мен кайда хабарласуым керек?

Жауап:
Сіз өзіңіздің мәліметіңізді ОҚО ІІД-нің сайтында толық көрсетпегенсіз, басқа қалада сізге толтырылған әкімшілік құқықбұзушылық хаттаманың көшірмесімен бірге ОҚО ІІД Жол полициясы басшылығының атына арыз жазуыңызға болады, содан кейін егерде басқа қаладан жолданған болса сол хаттаманың реттік нөмірімен тауып береді

18.01.2012 (сұрақ номері 2235)
сұрақ берді: мико 
Сұрақ: сурагым Жетысайда турамын белдык такпаган кезде фардын биреуы жанбаган жагдайда ескерту барма? Жок тике камап кояу шарт па

Жауап:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 463 бабының 1 бөліміне сәйкес жүргізушінің көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік белдіктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы-
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


14.01.2012 (сұрақ номері 2231)
сұрақ берді: Абдулла Нурмаханбетов 
Сұрақ: Нұрмаханбетов Абдулла Биболатұлынан
м/ж Кентау қаласы, Панфилов к.,52 уй.,52 п. Тел.3-39-07
31.11.2011 жылы сағат 20-00 шамасында ем қабылдап шығып ұлым машинаны (Ауди А6 маркалы X861PKN нөмірлі) «Жанабай» көлік орталығындагы автотұраққа сағат 20-10 шамасында машинаны қойып келді. Таңертең ұлым жұмысқа барайын деп автотұраққа барса машинанын жүргізуші жағын соққы болғанын көрген.Мен автотурақ егесі Самбетов Оңғарды шақырдым. Ол келіп көргеннен кейін жөндетіп беремін деп уәде берді, біз ол жерден кетіп қалдық. Түске таман ұлым автотұраққа барса Самбетов О. айнып тұр , менін куәларым бар машина бұл жерде соғылған жоқ деп. Мен 1.11.2011ж. Кентау қалалық ішкі істер бөліміне шағымдандым. Арыз тергеуші А.Сұлтанқұловка жіберілді. Алайда тергеуші Сұлтанқұлов істі созып жіберген соң прокуратураға арыздандым. Прокуратура ішкі істер бөліміне жіберді.Автотұрақ егесі Самбетов О. шіреніп отыр қолыннан ешнарсе келмейді, маған ешнарсе істей алмайсын деп. Самбетов О. және қарауыл Леонтъев С. қылмыстық келісімге келіп ешнарсе білмейміз деп отыр. Осы жағдайлардын бәрін біліп отырып тергеуші А.Сұлтанқұлов ешқандай шара қолданбады, машинанын қай жерде соғылғанын анықтаган жоқ. Менімен арызданушы ретінде сөйлескен де жоқ. 4.11.2011ж. және 28.11.2011ж. шығарылған қаулылар бойынша жан-жақты тексеру амалдарын жүргізіп заңды шешім қабылдау үшін қосымша уақыт керегін ескеріп іс қозғаудан бас тартыпты. Желтоқсан айынын басында кайтадан ішкі істер бөліміне және прокуратураға шағымдандым.Кентау қалалык сотына арыздандым. 20.12.2011ж іс сотта каралды. Сот отырысында Самбетов О-нын куагері жалған куәлік берсе қылмыстық іске тартылатынын білгенде ат-тонын ала кашып куә болудан бас тартты. Самбетов О. полиция кызметкерлері келіп автомашинаның басқа жерде ағашқа ұрылғанын дәлелдеп беріп кетті деп сотқа мәлімдеді. Мен осы себепті нақты дәлелдер жинау үшін істі уақытша қараусыз қалдыруын өтіндім. 22.12.2011ж. қайтадан ішкі істер бөліміне келдім, тергеушілер бөлімінін басшысы тергеуші А.Сұлтанқұловты шақырып қайтадан тапсырма берді. Тергеушілер бөлімінін басшысы суреттерге карап машинанын автотұрақта ұрылғанын дәлелдеп берді. Тергеуші А.Сұлтанқұлов екі күннен кейін келініз деді. 24.12.2011ж. А.Сұлтанқұловтың алдына тағы келдім. Тергеушіге қайтадан барлық жағдайды түсіндіріп жатканда басқа тергеуші іс маган берілген деп келесі Кабинетке ертіп кетті. Тергеуші Н.Шыныбаев қайтадан түсінік берд!м. Н.Шыныбаев 27.12.2011ж. келініз қорытынды қаулы дайын болады деп сендірді. 27.12.2011ж. тергеуші Н.Шыныбаевқа келсем іс әлы прокуратурадан туспеді деді. Салып ұрып прокуратураға барсам істі 3.12.2011ж. жіберіп қойғанбыз деді. Қайтадан ішкі істер бөліміне келсем тергеушілер А.Султанкулов жане Н.Шыныбаев: олар айта береді(прокуратура), қайтадан барыныз деген болды. Мен кезінде небір кызмет істеп едім, коп адамдармен жумыс жасастық, бырақ дәл мұндай бюрократизмді,адамга деген цинизмді бірінші рет көріп турмын . Мені құкық қорғау органдары екі Ай бойы ауре-сарсанга түсіріп Самбетов О-га ешкандай шара колданбады. Енд! Осындай жагдайлардан кеи!н ол ойына келген!н !стейт!н болады. Осыдан ек! Жыл бурын инсульт алып денсаулыгымды тузеп адам катарына косылсам деп арпалысып журген жанмын. Мен!н прокуратурага не болмаса ішкі істер боліміне шындык іздеп ар барганым азгантай болсада денмаулыгыма кер! Асерін тигізіп жатканын біле бастап бул істен бас тарттым.
Жоғарыдағы көрсетілген жағдайларға байланысты іс-шара қолдануынызды суранамын.
Кұрметпен Абдулла Нұрмаханбетов.


Жауап:
01.11.2011 жылы Кентау ҚІІБ-не азамат А.Нұрмаханбетовтың жазған арызы 02.11.2011 жылы Кентау ҚІІБ-не АТК 2107 санымен тіркеліп, тексеру амалдары жүргізілді, яғни А.Нұрмаханбетов 2011 жылдың қазан айының 31-ші жұлдызында 1989 жылы туылған ұлы Нұрмаханбетов Олжас Абдуллаевич Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы бойындағы «Жаңабай» автоорталығының артында орналасқан ақылы автотұраққа «Ауди А6» маркалы автокөлігін қойып, 2011 жылы қазан айының 01-жұлдызы күні сағат 08:30 шамасында барғанында автокөлігінің жүргізуші жақ алдыңғы қанатының майысқанын көріп Кентау ҚІІБ-не арызданған болатын.
Тексеру жұмыстары жүргізілу барысында автотұрақ қызметкерлерінен сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, азамат О.Нұрмаханбетовтың автотұраққа автокөлігін қойған кезінде алдыңғы қанаты өзі майысқан күйде келген деп айтып көрсетті.
Осыған орай жинақталған құжаттар бойынша қылмыс құрамы болмауына байланысты, жеке тәртіппен соттың қарауына жататындықтан ҚР ҚІЖК-нің 37 бабы, 1-бөлігі, 2 тармағын басшылыққа ала отырып қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданған және қабылданған шешіммен Кентау қалалық прокуратурасы келіскенін хабарлаймыз.


11.01.2012 (сұрақ номері 2221)
сұрақ берді: мико 
Сұрақ: сурагым сызге мен жетысайда турамын бызде Май кызметкерлеры турган атоколиктен кужат сурайды осы занды турде ма?

Жауап:
Қазіргі таңда ҚР ІІМ Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 01 қыркүйек тегі № 455 бұйрығымен бекітілген жол полициясы қызметкерлері жүргізушілер өз автокөліктерін жол шетінде тұруға тиым салынған белгі жанында немесе аулаларда дұрыс қоймаған жүргізушілерден тиісті құжаттарын сұрап әкімшілік хаттама толтыруы заңды. Соңғы кезде көлік иелері темір тұлпарларын тиіссіз жерлерде – тротуарларға, гүлзарларға, балалар және спорттық алаңдарына қойып кете беретін болды. Аталмыш операция жол үстінде кедергі ететін көліктермен күресуге бағытталған.

08.01.2012 (сұрақ номері 2207)
сұрақ берді: Шерхан 
Сұрақ: Ассалаумалейкум менің қоиайын деген сұрағым жақын арада жүргүзуші куәлігін алатын едім МАЙ қызметкерлерінің алдындағы өз құқығым туралы кітапшаны қай жерден алуыма болады, ондай кітап бар ма? Рахмет.

Жауап:
ҚР жол қозғалысы ережесі туралы кітапшасында жүргізушінің міндеттері жазылған. Аталған кітапшаны киоскалардан сатып алсаңыз болады.

23.12.2011 (сұрақ номері 2179)
сұрақ берді: Мұрат 
Сұрақ: Сәлеметсіздер. Ескі 2003 жылғы алынған жүргізуші куәлігін қалай, қай жерде ауыстырып алуға болады. Ауыстыру үшін қандай да бір қосымша талаптар бар ма? Рахмет.

Жауап:



20.12.2011 (сұрақ номері 2164)
сұрақ берді: Гульзира 
Сұрақ: Саламатсызба, құрметті полковник мырза. Мен Зикразимова Гульзира Сейдуалықызы 16.11.1987 ж.т мен сізден өтініп сұраймын маған жәрдемдесіңізші. 2011 жылдың 14 ші наурызы күні менің танысым Маликов Жасулан, маған өте арзан бағада мерседес 320 маркалы автокөлігін 12000 ақш долларына бар деп айтты. 15 ші наурыз күні мен машинаны көре салысымен ақшамды түгелдеп машина иесіне бердім, маған сен машинада отыра бер деп өзім саған сенімхат жаздырамын деп жеке куәлігімді алып кетті де, соңынан білгенімдей ол маған тек жүргізуге ал өзіне сатуға жаздырып алыпты. Машина иесіне хабарлассам ол екеуі келісіп мени алдап кетипті. Мені алдап кеткен адам Сайрам ауданында полиция бөлімінде жұмыс істейді екен. Мен болған оқиға бойынша Абай АІІБ-не арызданғанымда Маликовты ұстап акелді де, 1 сағат өтпей оны босатып жіберді , мен сол замат тергеушілерден неге босатқандықтарын сұрағанымда оның Еңбекші АІІБ- де бастықтың орынбасары болып жұмыс атқаратын Маликов Жеңіс атты ағасы телефон шалды сонан соң жіберді деп айтты. Мен 06.10.11ж Сайрам АІІБ-на арызданғанымда олар маған ақшамды ол ендігі аптада машинаны сатып жібереді де сенің ақшаңды қайтаратын болды деп қайтарды, осы сөздер 1 айға созылды да мен қайта Сайрам АІІБ- на хабарласқанымда арызымның ОҚО ІІД- дегі ішкі қауіпсіздік бөлімінде қаралып жатқандығын айтты. Менің қолымда ешқандай айғақ жоқ, тек қана енімхаттың көшірмесі бар. Менің жағдайым ешқандай айғақыз бір дәлел таппасаңыз ісіңіз жабылады деп Есенов С. ке хабарласқанымда айтып еді. Куәгер менен ақшаны алған адам да онымен сыбайлас екендігін дәлелдей алмай отырмын. Маликов Жасулан маған телефон шалып менің ІІД- де де ағам бар сенін қолыннан түк келмейді, деп те кулгені бар. Осы мәселе бойынша мен сіздің қабылдауынызға жазыла алмай жатырмын, сізден көмек сұраймын полковник мырза.

Жауап:
Гульзира, Cіздің алғашқы тектес арызыңыз бойынша ОҚО ІІД ӨҚБ-ның қызметкерлерімен тиісті тексеру амалдары жүргізіліп, өзіңіздің жақын қатынаста болған танысыңыз, Сайрам АІІБ-ның УПИ-і Ж.Маликовтың іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы анықталмауына байланысты , ҚР ҚІЖК-нің 37 бабы 1 бөлімі 2 тармағы негізінде оның үстінен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімі қабылданғанын, ол бойынша өзіңізге 20.12.2011 жылы №18/4-8223 шығысымен хабарлама жолданғанын Сізге хабарлаймын және қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда облыс прокурорына шағымдануыңызға құқығыңыз бар екенін ескертемін.

20.12.2011 (сұрақ номері 2162)
сұрақ берді: Маккам 
Сұрақ: жеңіл авто көліктің прицептері үшін қандай құжаттар керек,

Жауап:
Жеңіл автокөліктің прицептері үшін қандай құжаттар керек екені туралы мәліметті білу үшін, Сіз міндетті түрде ОҚО ІІД ЖПБ Тіркеу-емтихан бөліміне келуіңіз қажет.



<<| [1] [2] [3] [4] [5] [6] |>>



Дизайн ТОО "Kitesco" 2009
Разработка ТОО "LiO Programs" 2005-2012
  ОҚО ішкі істер департаментінің - www.dvd-uko.kz, 2005-2010
  бастығының қабылдау бөлімі: 8 /7252/ 212-033
  сенім телефондары: 8 /7252/ 212-193, 8 /7252/ 214-323
Единый каталог фирм Казахстана