қазақша | русский | english ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, ауруханаға 6 адам жеткізілді, Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.


НЕГІЗГІ

ҚҰРЫЛЫМ

ТАРИХ

БАЙЛАНЫСТАР
  НАВИГАЦИЯ
  Негізгі бет
  Департамент тарихы
  Мемлекеттік рәміздер
  Мемлекеттік тіл - қызмет тілі
  ҰОС ардагерлері
 
 
 
  Жақын маңдағы ііб-рі
  Список граждан не получивших ИИН
  Менің учаскелік үәкілдерім
  Жаңалықтар легі
  Қылмыстық хроника
  Президент жолдауы
  Анкеталау
  Баспасөз релиз
  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
  Мемлекеттік қызмет көрсетулер тізбесі
  Мемлекеттік сатып алулар
  Полиция туралы пресса беттерінде
  Сұрақтар-жауаптар
  Web қорлардың анықтамасы
  Байланыстар
 

ОҚО ІІД-нің бастығының блогі


Оспанов Асқар Шуашұлы – полиция полковнигі, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы. 1959 ж.т., Алматы облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар. Ішкі істер органдарында 1988 жылдан бері қызмет атқарады. Отан алдындағы ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
Жаңалықтар топтамасы
ай жыл
Мамыр 2012
СсСрБсЖмСнЖсДс
    1  2  3  4  5  6 
 7  8  9  10  11  12  13 
 14  15  16  17  18  19  20 
 21  22  23  24  25  26  27 
 28  29  30  31          




 ҚЫЛМЫСТЫҚ ХРОНИКА 

2012 жылдағы жаңалықтар (Мамыр) 

2012 жыл   2011 жыл   2010 жыл   2009 жыл   2008 жыл   2007 жыл   2006 жыл   2005 жыл   
Қаң  Ақп  Нау  Сә  Мам  Сай  Ші  Там  Қыр  Қаз  Қар  Жел  


19.05.2012

    Оңтүстік Қазақстан облысында жөл-көлік апатында үш адам қайтыс болған 2012 жылғы 15 мамырда Төле би ауданында, Ленгір-Зертас тасжолында «Ниссан Алмера» маркалы автокөлігінің 74 жастағы жүргізушісі, өзінің басқаруындағы автокөліктің басқару жүйесін игере алмай жол шетіне шығып кетіп, ішіндегі жолаушы болып келе жатқан Сайрам ауданының 6 тұрғындарымен бірге аударылған. Жөл-көлік оқиғасының нәтижесінде «Ниссан-Алмера» жолаушысының біреуі, 1950 жылы туылған, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында ал, жүргізуші және 1986 жылы туылған, тағы бір жолаушысы аудандық ауруханаға түсіп, алған дене жарақаттарынан қайтыс болған. Басқа екі жолаушылары 1950 мен 1956 жылы туылған және 2010 мен 2012 жылы туылған екі сәбилер аудандық аурухананың жан-сақтау бөліміне түскен. Осы жәйтке қатысты, ҚР ҚК 296 -бабы (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

19.05.2012

    Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері, ірі мөлшерде есірткі затын сату барысында екі күдіктіні қолға түсірді. 2012 жылғы 16 мамырда ОҚО ІІД ЕБҚКБ, «Арлан» АМБ-мен «Допинг» республикалық профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде, Шымкент қаласындағы жеке үйлердің бірінде, екі күдікті 1965 және 1969 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғындары, өте ірі мөлшерде /героин/ есірткі затын сату барысында ұсталды. Айғақ зат, СКС қорытындысына сәйкес таза салмағы шамамен 1 кг., құрайтын есірткі заты (героин) болып табылды. Полиция қызметкерлерімен, күдіктілердің ұзақ мерзім бойы есірткі затын сақтау және сатумен айналысып жүргендері анықталды. Осы жәйтке қатысты, ҚР ҚК 259 -бабы /Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату/ бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Тергеу жүргізілуде.

17.05.2012

    Шымкент қаласының тәртіп сақшылары үй ұрлығымен айналысып келген азаматты құрықтады. 2012 жылдың 13 сәуірі күні Әл-Фараби ПБ-не 57 жастағы азаматша арызданып келген. Ол өз арызында кешкі уақытта оның үйіне белгісіз тұлғалар терезесі арқылы кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап, 700 мың теңге шығын келтіргенін көрсеткен. Екі күн алдын осыған ұқсас оқиға бойынша 24 жасар жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол арызында белгісіз тұлғалар терезесін сындыру арқылы алтын бұйымдарын ұрлатып,700 теңгелей шығын келтірілгенін көрсеткен. Біраз күннің кейін 2012 жылдың 22 сәуірі күні 55 жастағы жергілікті тұрғын келіп арызданады. Жәбірленушінің айтуынша оның үйіне белгісіз тұлғалар жасырын кіріп, жарты миллоион теңге тұратың алтын бұйымдарымен және газды тапаншасын ұрлап, шығын келтіріп, оқиға орнынан ізін суытқанын мәлімдеген. Жедел жұмыстарын жүргізу барысында Әл-Фараби ауданының полицеилерімен, 1993 жылғы туылған, екі азамат ұсталынған. Күдікті үй егелерінің жоқтығын пайдалана отырып, оийн жүзеге асырып келген, бағалы заттар, алтын және ақша ұрлап жүрген. Тергеушілер сезіктінің 10 қылмысқа қатыстылығын дәлелдеп отыр.Ұсталғанан бірқатар айғақтық заттар тәркіленіп алынды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 3 миллион теңгеге жуық. Бұл іс бойынша ҚР ҚК-нің 175 бабы «Ұрлық» сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Тергеу амалдары жалғасуда.

16.05.2012

Әл-Фараби АІІБ-нің қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматшаны құрықтады. ОҚО ІІД ҰҚҚКБ мен Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлерімен Нелегал профилактикалық іс шарасын жүргізі барысында Шымкент қаласының 1950 жылғы азамтшасы қолға түсірілген.Ұсталған әйел осы уақытқа дейін өзінің бас пайдасы үшін пәтерінде жеңіл жүріске берілгін бойжеткендерді ұстап келген. Айғақтық зат ретінде арнайы даиындалған 2000 теңге ақша тәркіленді.Бұл жәйіт бойынша ҚР ҚК-нің 271-бабы «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» іс әрекет жасаған үшін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азаматша уақытша қолхатпен босатылды.Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

14.05.2012

Шымкент қаласы Еңбекші АІІБ-нің қызметкерлері ұрлықты кәсіп еткен күдіктіні қолға түсірді. 2012 жылғы 11 мамырда Еңбекші АІІБ-нің кезекші бөліміне 25 жастағы жергілікті тұрғын арызданған, ол өз арызында түнгі уақытта белгісіз тұлға оның үйінің алдында тұрған «БМВ 5» маркалы автокөлігінің артқы терезесін сындырып, салонының ішінен 30 мың теңгесін мен барлық құжаттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Еңбекші АІІБ КПБ-нің қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғыны, 1995 жылы туылған, бірнеше рет сотты болған күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктінің жыл басынан бері 60-тан астам автокөліктен ұрлау жайтына қатыстылығы анықталды. Күдікті жоспарланған кесте бойынша ойын жүзеге асырып жүрген. Ол жақын маңда адамдардың жоқтығын пайдаланып, автокөліктің артқы терезесін сындырып, бағалы заттарды, ақша және құжаттарын алып, қылмыс орнынан бой тасалап отырған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын бір миллионнан астам теңгені құрап отыр. Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 175-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

11.05.2012

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері адам өлтіруге оқталған күдіктіні қолға түсірді. 2012 жылы 8 мамырда кешке, Шымкент қалалық Абай АІІБ-нің кезекші бөліміне, қалалық ауыруханалардың бірінен 25-30 жастағы 2 азамат атыс қаруынан, арқасынан және аяғынан алған дене жарақатымен түсті деген хбарлама келген. Полиция қызметкерлері оқиға болған жерге жетіп, екі жәбірленушінің 1985 жылы туылған жергілікті тұрғындар, белгісіз қарумен дене жарақатын алғанын анықтаған. Тексеру барысында, сол күні, кешке жас жігіттердің арасында жанжал болып, соңында күдікті, «Сайга-410» маркалы аңшы мылтығымен, жәбірленушілерге қарай бірнеше рет оқ атып, оның біреуінің сол аяғына, екіншісінің арқа тұсына дене жарағатын салып, оқиға болған жерден бой тасалағаны анықталған. ОҚО ІІД-нің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында, күдікті ретінде 1984 жылы туылған жергілікті тұрғынды ұстады. Айғақты зат реттінде, тегіс ұңғылы «Сайга-410» аңшы мылтығы және 2 дана оқ дәрінің гилзасы тәркіленіп алынды. Осы жәйтке қатысты, ҚР ҚК-нің 24-96-бабымен «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауда, тергеу амалдары жүргізілуде.

10.05.2012

Мақтарал ауданында полиция қызметкерлері мал ұрыны ұстады. Мақтарал АІІБ-ның Кезекші бөліміне 48 жастағы жергілікті тұрғын арызданған, ол өз арызында, белгісіз тұлғалар, кешкі уақытта жайылымынан құны 40 мың теңге тұратын екі қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Мақтарал АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуінің нәтижесінде, күдікті ретінде Шардара ауданының 1987 жылы туылған тұрғыны ұсталды. Полицейлер күдіктінің тағы 4 мал ұрлығы жәйтіне қатысы барын анықтады. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығынның мөлшері 100 мың теңгені құраған. Айғақты зат ретінде алынған малдар заңды егелеріне қайтарылды. Осы жәйтке қатысты ҚР ҚК-нің 175-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу жүргізілуде.

08.05.2012

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері тонауға қатысы бар күдіктіні ұстады. Өткен жылдың қараша айында Шымкент қалалық Әл-фараби АІІБ-нің кезекші бөліміне кәмелет жасқа толмаған екі 16 жастағы қала тұрғыны арызданған. Олар өз арыздарында қалалық аллеялардың бірінде, 17-18 жас шамасындағы бейтаныс тұлғалар күш қолдану арқылы «С 6» және «Нокия» ұялы телефондарын тартып алып, жәбірленушіге 70 мың теңге көлемінде шығын келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалағанын көрсеткен. Жедел іс-шара жүргізу барысында Шымкент қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, ОҚО Төлеби ауданының тұрғыны 1993 жылы туылған азаматты анықтап ұстады. Осы жәйіт бойынша ҚР ҚК-нің 178 бабымен «Тонау» қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат қамауға алынды. Осы қылмысқа қатысы бар қалған күдіктілерді ұстау іс-шаралары жүргізіліп жатыр.Тергеу амалдары жүргізілуде.

07.05.2012

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлерімен ұрлық жасаған тағы бір күдікті ұсталды. Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне қаланың бірнеше тұрғыны хабарласып, белгісіз тұлғалар есік пен терезе жақтауларын бұзу арқылы үйлеріне кіріп, ыдыс-аяқ пен азық-түліктерін ұрлап кеткенін айтып арызданған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 100 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер 1982 жылы туылған, жергілікті тұрғын, жұмыссыз жүрген күдіктіні ұстады. Ұсталғанның соған ұқсас 5 жайтқа қатыстылығы дәлелденді. Күдікті барлық жағдайларда бірдей әрекет жасаған, яғни үй иелерінің бар-жоқтығын анықтап, бұрау құралдары арқылы есіктерді ашып не терезелердің әйнектерін сындырып, ішке еніп, бағалы заттарды, ыдыс-аяқ пен азық-түліктерді алып, қылмыс орнынан бой тасалап отырған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 175-бабымен /ұрлық/ қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қолхатта. Тексеру жүргізілуде.

07.05.2012

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің полицейлері бірнеше рет ұрлық жасаған әккі ұрыны құрықтады. 2012 жылғы 13 наурызда Абай ПБ-нің кезекші бөліміне 30 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз тұлғалардың үй иесінің жоқтығын пайдаланып, үйіне ұрлыққа түсіп, барлық бағалы заттарын алып кетіп, жәбірленушіге жалпы сомасы 400 мың теңгеге шығын келтіргенін айтып арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер облыс орталығының тұрғыны, 1982 жылы туылған, бұрын бірнеше рет сотты болған күдіктіні құрықтады. Полицейлермен күдіктінің 30-ға жуық пәтер ұрлығына қатыстылығы анықталды. Күдікті, негізінен, күндіз ұрлыққа түсіп жүрген. Пластик терезелер орнатылған тәуірлеу үйлерді таңдап, үй иесінің бар-жоқтығын анықтап, сосын терезе жақтауын итеру жолымен ішке еніп, ондағы алтын бұйымдар, ақша мен ұялы телефондарды алып кетіп отырған. Барлық ұрланған заттарды қала базарларында сатып, одан түскен ақшаны көңіл көтеруге және киімге жұмсаған. Жәбірленушілерге жалпы 5 миллион теңгеден аса шығын келтірген. Айғақты зат ретінде бағалы заттардың бір бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Ұсталған күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК-нің 175-бабымен /ұрлық/ қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

04.05.2012

Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері жарылғыш снарядының жарылып кетпеу шараларын атқаруда. 2012 жылғы 3 мамырда Сарыағаш АІІБ-ның Кезекші бөліміне, аудандағы үйлердің бірінен жарылғыш снарядына ұқсас заттың табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп қарау барысында, полиция қызметкерлері, аталған заттың, жергілікті тұрғынның үйінен 100 метрдей қашықтықтағы бау-бақшасында, полигон уақытынан қалған, жартылай жерден шығып тұрған, жарылғыш снаряд екенін анықтаған. Тәртіп сақшылары тез арада аумақты қоршауға алып, жақын маңдағы көршілерінің қауіпсіздігі үшін оларды көшірді. Қазіргі таңда, жарылғыш затты залалсыздандыру шаралары жүргізілуде.

03.05.2012

Сарыағаш аудандағы полиция қызметкірлер екі мал ұрлықшы ұсталды. Сарыағаш АІІБ-не кезекші бөліміне 76-жастағы қала түрғын арызданған, ол өз арызында , қаңтар айында түнгі уақытта белгісіз тұлғалар оның мал-қорасынан 3 бас сиырын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жалпы бес жүз мыңнан астам теңге шығын келтірген. Жедел іс-шара жүргізу барысында үш айдан кейін полиция қызметкерлері күдікті ретінде 1977 және 1986 жылы туылған жергілікті 2 азаматы ұстады. Ұрлаған малды күдіктілер облыс базарында сатып жүрген. Кәзіргі таңда күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 175 бабы мен «Ұрлық» іс қозғалуда. Күдіктілер қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде..

02.05.2012

Сайрам ауданының полицейлері қарақшылықа қатысты үш күдіктіні ұстады. 2012 жылғы 1 мамырда Сайрам АІІБ-на кезеқші бөліміне, 19 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны арызданған. Ол, өз арызында, сол түні оған таныс үш жігіт, күш қолданып және қара түсті тапаншамен қорқытып, «Нокия» маркалы ұялы телефонын қарақшылық жолмен тартып алғанын көрсеткен. Сайрам АІІБ-ның КПБ қызметкерлерімен жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде, 1991жылы туылған, үш азамат анықталып ұсталды. Олардың біреуі Ордабасы ауданының тұрғыны, екінші Өзбекстан Респубикасының азаматы ұсталды. Үшінші сыбайластары анықталуда. Айғақты зат ретінде күдіктініңң біреуінің үйінен «МР-651КС» маркалы пневматикалық тапаншасы, «УДАР» газды тапаншасы және жәбірленушінің ұялы телефоны алынды. Күдікті азаматар қамауда. Осы жәйтке қатысты, ҚР ҚК-нің 179-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу жүргізілуде.

02.05.2012

Байдибек ауданыда полицейлер адам өлтіру қылмысын ашты 2012 жылы 30 сәуірде Бәйдібек АІІБ-нің қезекші бөліміне, елді мекендегі көшелердің бірінің бойында зорлықпен өлтірілген белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келген. Оқиға орнына келіп тексеру барысында, жедел-тергеу тобы, дененің құрылыс компаниялардың бірінде жұмыс істейтін, 1989 жылы туылған Ордабасы ауданының тұрғынының мәйіті екені, оның бірнеше алған дене жарақаттарының салдарынан қайтыс болғаны анықталды. Арада бір сағат өткеннен соң, 65 жастағы жергілікті тұрғыннан, оның үйінің ауласындағы бір жігіттің жіпке асылып қалған мәйітінің табылғаны туралы хабарлама келген. Полиция қызметкерлері, өлі дененің 1990 жылы туылған Бәйдібек ауданының тұрғынының мәйіті екенін және жіпке асылып, механикалық-асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтады. Тергеу барысында, өлген екі жас жігіттің арасында жанжал туындап соңында, біреуі екіншісін ұрып-соғып, оның өлгенін біліп, артынан өз-өзіне қол салғаны анықталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Осы жәйтке қатысты ҚР ҚК-нің 96-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

<<| [1] |>>

 



Дизайн ТОО "Kitesco" 2009
Разработка ТОО "LiO Programs" 2005-2012
  ОҚО ішкі істер департаментінің - www.dvd-uko.kz, 2005-2010
  бастығының қабылдау бөлімі: 8 /7252/ 212-033
  сенім телефондары: 8 /7252/ 212-193, 8 /7252/ 214-323
Единый каталог фирм Казахстана